Аңдатпа
Мақалада «Эко стиліндегі саяжай үйінің дизайн жобасын әзірлеу» тақырыбы бойынша интерьерлік шешімдер ұсынылып, олардың эргономикалық негізінде орындалу қағидалары қарастырылды. Зерттеу объектісі – саяжай үйінің эко стиліндегі интерьері, зерттеу пәні – табиғи материалдар, жарықтандыру мәселесі және эргодизайн талаптырының эстетикалық үйлесімі. Мақалада негізгі стиль таңдалып, интерьердің өлшемдері мен жоспарлары, концепциясы мен эргодизайн, жұмыс құжаттамасы жобаның құнын есептеу, 3D-визуализациясы мен 3D визуалды видео-материалы жасалынды. Эко стилінің ерекшеліктерін есекере отырып оларды заманауи интерьерде қолдану; - саяжай кеңістігінің функционалдық құрылымын жоспарлау; - жұмыс кұжаттамасы мен сызбалар альбомын жасау; - эргодизайн, жоба шығындарының кұнын есептеу; -3D-визуализациялау; -3D визуалды видео материалын ұсыну. Мақсаты: Эко стилінің адам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысты сақтай отырып, әр-бір жанға ерекше сезім қалдыру. Бұл стилде табиғи материалдарды қолдану, экологиялық қауіпсіздік, қарапайымдылық пен функционалдылықты ұсыну.