АУЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ КӘСІБИ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.87.3.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Педагогтер ауылдық жерлерде ресурстардың шектеулігі және кәсіби оқшауланумен байланысты екі жақты қиындықтарға жиі тап болады, бұл тиімді кәсіби даму (КД) үдерісін бір мезгілде өте маңызды және жүзеге асыруды қиын етеді. Соңғы зерттеулер технологияға бағытталған КД осы мәселелердің кейбірін жеңілдете алатынын жиі қарастырып жүр, алайда оқыту тәжірибесіне және ауылдық жерлердегі білім алушылардың жетістіктеріне нақты әсері туралы мәліметтер әлі де толық емес. Бұл мақалада қазіргі әдебиеттерге шолу жасалып, 2023–2024 жылдар аралығында Қазақстанның Атырау облысындағы 7 шағын жинақты ауыл мектептерінде жүргізілген квазиэкспери-менттік зерттеу нәтижелері ұсынылады. 24 мұғалім Discord платформасында ұйымдастырылған, бірлескен оқу тәсіліне негізделген цифрлық кәсіби қауымдастыққа қатысты, ал 150 білім алушының үлгерімі екі академиялық семестр бойы қадағаланған.Зерттеудің негізгі мақсаты –мұғалімдердің оқыту әдістеріндегі, кәсіби ынтымақтастықтағы және технологияны интеграциялаудағы өзгерістерді кәсіби қауымдастыққа тұрақты қатысқаннан кейін бағалау болды. Екінші мақсат –білім алушылардың нәтижелеріндегі айырмашылықтарды, атап айтқанда, олардың академиялық белсенділігі мен тест нәтижелерін оқытудың тиімділігінің жанама көрсеткіші ретінде салыстыру болды. Деректер мұғалімдерге арналған сауалнамалар, фокус-топтармен сұхбаттар, сыныптарды бақылау және білім алушылардың үлгерімдерін бағалау арқылы жиналды. Нәтижелер кәсіби қауымдастыққа қатысқан мұғалімдердің технологияларды интегра-циялау бойынша сенімділігі мен құзыреттілігі артқанын көрсетті, ал білім алушылар жалпы алғанда үлгерім мен белсенділік бойынша шамалы, бірақ статистикалық тұрғыда маңызды жақсартуларға қол жеткізгенін анықтады.