ФОЛЬКЛОРДЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.87.3.027
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақ фольклоры –мәліметтерді ауызша таратуға негізделген біртұтас коммуникативтік жүйені құрайды. Фольклор мәтіндерінің жанрлық өлшемдері оның тұрмыста пайда болуы және тұрақты қолданыс формалары арқылы анықталады. Сонымен қатар, фольклорды ауызша халық шығармашылығы жанрларының жиынтығы деп қана түсінбеу керек, оны қоршаған ортаға деген көзқарастар жиынтығы, дәстүрлі мәдениеттің әртүрлі қырларынан көрініс табуы деп бағалаған жөн. Сондықтан, ауызша халық шығармашылығы жанрларымен қатар халықтық мәдениеттің мифология, әдет-ғұрып, болмыс, тіл секілді өзге де қырларына ерекше мән беріледі. Қазақстанда фольклорды жоғары мектепте оқыту мәселелері өткір тұр. Оны заманауи технологиялар мен әдіснамалық тәсілдер арқылы оқыту мәселесіне жіті көңіл бөлінбеуде. Қазақстанның қазіргі білім және ғылым жөніндегі стратегиялық бағдарламаларына сәйкес жоғары оқу орындарында фольклорды студент жастарға оқыту жалпыұлттық мәселеге айналып отыр. Студент жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті арттыру үшін фольклор мұраларының тигізер септігі орасан. Ал фольклорлық шығармалардың ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызы өте зор болмақ. Осыған орай, бұл мақалада, Қазақстанның жоғары мектебіндегі фольклорлық таным үдерістеріне шолу жасалып, студент жастардың фольклорлық мұраны меңгеруде жаңа технологияларға деген көзқарастары анықталады, оның әдіснамалық қырларына жіті көңіл бөлініп, игеру мәселелері сөз болады.