ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ МЕТАҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.87.3.022
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада педагог-психологтардың кәсіби дайындығында цифрлық технологияларды қолдану арқылы метақұзы-реттіліктерді қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылады. Мета-құзыреттер жоғары тұжырымдамалық деңгейді білдіреді және жан-жақты кәсіби құзыреттер ретінде қарастырылады. Зерттеу мақсаты: педагог-психолог үшін метақұзыреттіліктерді қалыптастырудың маңыздылығын теориялық талдау және цифрлық технологияларды қолдану арқылы педагог-психологтардың кәсіби метақұзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық жағдайларын әзірлеуді эксперименттік зерттеу.Зерттеу әдістері: тестілеу, сауалнама, бақылау. Әдістемелер: сыни тұрғыдан ойлау тесті; өзін-өзі реттеу шкаласы; Карпов рефлексиясын анықтау шкаласы; DigCompEdu тесті (цифрлық құзыреттілікті анықтауға); SWOT-талдау (құзыреттілікті интеграциялау); оқыту аналитикасы (белсенділік динамикасы).Зерттеу нәтижелері: жалпы метақұзыреттіліктер мен цифрлық құзыреттілікке теориялық талдау жүргізілді. Болашақ педагог-психологтың метақұзыреттіліктерді кәсіби қызметінде қалай пайдалана алатыны анықталды. Болашақ педагог-психологтардың цифрлық тұтынудың қалыптасу деңгейлері эксперименталды түрде анықталды. Метақұзыреттіліктің келесі компоненттері анықталды: когнитивті; реттеуші, коммуникативті, цифрлық және интегративті. Ғылыми-практикалық маңыздылығы: болашақ педагог-психологтарда метақұзыреттіліктерді дамыту құралы ретінде цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі расталды.