ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШСЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МОДЕЛІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.87.3.020
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жасанды интеллектіні қолдануда тілдік құзыреттіліктерін қалыптастырудың моделі көрініс табады. Жасанды интеллектіні білім алушылардың ағылшын тілін үйренуде немесе дербес әдістемелік пәндерді ағылшын тілінде оқытуда пайдаланудың артықшылықтары мен бағыттары көрсетіледі. Жасанды интеллект негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тілдік құзыреттіліктерін дамытудың моделі құрамдас бөліктерден (оқыту моделін жобалаудың өзектілігін анықтау), мақсат қою, тұжырымдамалық негізін айқындауды құрылымдайтын мақсаттық-тұжырымдамалық блогы (оқыту әдістемесін әзірлеудің мақсаттары мен міндеттерін қою), теориялық-әдіснамалық блок (зерттеудің теориялық және әдіснамалық базасын анықтау), технологиялық-ұйымдастырушылық блок (оқыту стратегиялары мен әдістерін анықтау, оқыту мазмұнын іріктеу, оқытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайларын анықтау, оқытудың оңтайлы ұйымдастырушылық формаларын таңдау, педагогикалық құралдарды анықтау), бағалаушы-нәтижелік блок (критериалды-бағалау аппаратын әзірлеу және оқытудың күтілетін нәтижелерін болжау) тұратындығы баяндалады. Студенттердің тілдік құзыреттіліктерін қалыптастырудың құралы болатын жасанды интеллект –чат-боттар қолданылатындығы айтылып, ChatGPT, Duolingo, Thinkster, Querium, Alta by Knewton және т.б. құралдардың жұмысы түсіндіріледі.Эмпирикалық бөлімде студенттерге берілетін сауалнаманың нәтижелері өңделіп беріледі. Жасанды интеллек-тінің қолданылу деңгейі және оның дидактикалық әлеуеті анықталады. Сондай-ақ, мақаланың эмпирикалық бөлімін-де жасанды интелектіні қолдану білімі, білігі және тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыруға жасанды интеллектінің пайдасын анықтауға зерттеулер жүргізілді.