ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУДАҒЫ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.87.3.006
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аталаған мақаладапедагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы нейролингвистикалық бағдарламалау технологияларының әдіснамалық ерекшеліктерін анықтау және олардың білім беру үдерісінде тиімді қолданылуына талдау жасалған.Сонымен қатар, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) әдістері, отандық және шет елдік зерттеушілердің еңбектерінен зерделенді. Зерттеуге НЛБ әдістерін оқудан өткен эксперименттік топ және бұл оқудан өтпеген бақылау тобына қатысты ақпарат беріледі. Педагогикалық құзыреттілік деңгейін, коммуникациялық дағдыларды және оқытудың инновациялық әдістерін қолдануды бағалау үшін арнайы құрастырылған сауалнамалар нәтижелері өңделіп, өзін-өзі бағалау және сабақ өткізу барысын бақылау әдістері қолдану тәсілдері көрсетілді. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топтағы қатысушылардың құзыреттілігінің айтарлықтай жақсарғанын, әсіресе коммуникациялық дағдылар мен инновациялық әдістерді қолдану тұрғысынан көрсетілді. Зерттеу жұмысымызда НЛБ әдістерінің педагогикалық құзыреттілікті арттырудыңтиімді құралы ретіндегі рөлі айқындалды. Сонымен қатар, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) технологияларын қолданудың әдіснамалық негіздерін талдауға бағытталды. 1970 жылдары Ричард Бэндлер мен Джон Гриндер әзірлеген НЛБ мінез-құлық пен коммуникацияның үлгілерін модельдеуге негізделген теориялары қарастырылды. Педагогикада ол оқытудың тиімділігін арттыру және инновациялық әдістерді дамыту құралы ретінде қызмет етеді. Зерттеуде НЛБ-ның раппорт, якорлау жәнерефрейминг сияқты негізгі әдістері қарастырылып, олардың мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, оқыту процесін даралауға және мотивацияны арттыруға ықпалы көрсетілді. Нәтижелер НЛБ эмоционалдық интеллектті, сыни ойлауды және оқушылардың белсенділігін дамытуға ықпал ететінін дәлелдейді. Сонымен қатар, НЛБ әдістері арқылы оқушылардың жеке қажеттіліктері мен оқыту стилін ескере отырып, қолдау көрсететін білім беру ортасын құруға болады. Дегенмен, НЛБ-ның білім беру саласындағы тиімділігін толық растау үшін қосымша эмпирикалық зерттеулер қажет екені атап өтіледі.