ЖОБАЛАУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.87.3.033
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жобалау әдісі арқылы оқушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз етудің диагностикасы беріледі. Ең алдымен, жобалау әдісі арқылы оқушылардың әлеуметтенуін қамтамасызетудің диагностикасын ұсынуда педаго-гикалық проблема ретінде сипатталуы талданды. Теориялық талдауларда бірнеше ұғымдарды талдаудың қажеттігі туындап, теориялық негіздерін анықтауда негізгі түсініктерінің мәні мен мазмұны айқындалды. Жобалау әдісі арқылыоқушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз етудің компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері негізінде түсініліп, танылады. Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі, мазмұндық деңгейі, технологиялық деңгейі және үдерістік деңгейінің ішкі сипаттамалары беріледі. Динамикалық педагогикалық байланыс компоненттерден (мотива-циялық-мазмұндық, танымдық-іс-әрекеттік, рефлексивтік-бағалаушылық) түзілген өлшемдері жобалау әдістері арқылы әлеуметтенуге мотивациялық-құндылық қатынасы және жобалауды құрастыруға білімдері мен біліктерінің іс-әрекеттегі көрінісі, әлеуметтендіруде жобалау әдістері арқылы өзін-өзі білімдендіру шеберлігі деп көрсетіледі. Компоненттер мен өлшемдерге сай көрсеткіштерінің жиынтығын құрайды және деңгейлеріне (төменгі, орта, жоға-ры) сәйкес жүзеге асырылды. Мақалада жобалаудың өзіне тән ресурстары ретінде интеллектуалдық, ерік –жігерлік, адами позициялық, ұйымдастырушылық, басқару, іс-әрекеттік, материалдық-қаржылық сапалары баяндалады.Эмпирикалық бөлімде А.Н.Волкованың «Рөлдік болжау мен әрекеттену» әдістемесі және «Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтенуінің деңгейін анықтауға арналған авторлық сауалнамасы» негізінде диагностикалау жұмыстары ұйымдастырылды. Қорытындыда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.