ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР МОДЕЛІ (SEM) НЕГІЗІНДЕ STEM–БІЛІМ БЕРУДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ SOFT SKILLS ДАМУЫНА ӘСЕР

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.87.3.011
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Икемді дағдыларды (soft skills) дамытуда STEM-білім беру ерекше рөл атқарады, себебі ол жаратылыстану-ғылыми білімді интеграциялап қана қоймай, жобалық және зерттеушілік әрекет арқылы білім алушылардың сыни ойлауын, креативтілігін, ынтымақтастық және коммуникациялық қабілеттерін дамытады. Бірақ бұл ықпалдың механизмін нақтылау үшін дәстүрлі статистикалық әдістер жеткіліксіз. Осы тұрғыда құрылымдық теңдеулер моделі (SEM) сияқты заманауи әдістемелерді пайдалану STEM-білім беру мен soft skills арасындағы каузалдық байланысты дәл анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсаты STEM-білім беру деңгейінің soft skills көрсеткіштеріне ықпалын анық-тап, олардың арасындағы каузалдық байланысты құрылымдық теңдеулер моделі (SEM) негізінде бағалау болып табылады. Зерттеу квази-эксперименттік сипатта жүргізілді. STEM қатысу деңгейі STEM_1–STEM_5 индикаторлары арқылы өлшенді, ал soft skills көрсеткіштері төрт фактор бойынша (коммуникация, ынтымақтастық, креативтілік, проблеманы шешу) 12 индикатор арқылы бағаланды. Құрылымдық теңдеулер моделін (SEM) қолдану нәтижесінде STEM-білім беру мен soft skills арасындағы байланыстың статистикалық тұрғыда мәнді екені анықталды. Модельдің сәйкестік индекстері ұсынылған нормаларға сәйкес келді (χ²/df = 1.01, RMSEA = 0.009, CFI = 0.995, GFI = 0.963), бұл модельдің деректерге жоғары деңгейде сәйкесетінін көрсетті. STEM факторының soft skills дамуына тікелей әсері жоғары деңгейде болды (β ≈ 0.70, p < 0.001), бұл STEM тәсілдерін қолдану білім алушылардың коммуникация, ынтымақтастық, креативтілік және проблеманы шешу сияқты дағдыларын дамытуға айтарлықтай ықпал ететінін дәлелдейді.