ҚЫРҒЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ «ОЯНУ» ДӘУІРІНІҢ КӨРКЕМДІК КӨРІНІСІ: ИДЕЯЛАР, ТҰЛҒАЛАР, БАҒЫТТАР

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2025.3-11
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қырғыз әдебиетіндегі «ояну» дәуірінің көркемдік ерекшеліктері, идеялық бағыттары мен сол кезең ақындарының шығармашылығы талданады. XX ғасырдың басындағы отарлық саясат, саяси қысым және рухани ізденіс тұсында қырғыз қаламгерлері әдебиетті ұлттық сана мен еркіндік идеясын көтерудің маңызды құралына айналдырды. Бұл үдеріс халықтың тарихи жады мен мәдени болмысын жаңғыртуды көздеді. Зерттеу барысында Молдо Кылыч, Токтораалы Талканбаев, Ысак Шайбеков, Абылкасым Жутакеев және Осмонаалы Сыдыков сынды ағартушы-ақындардың шығармаларындағы елдік идеялар, діни-рухани мазмұн және әлеуметтік әділетсіздікке қарсылық сарындары қарастырылады. Сонымен қатар, мақаладан әдеби жанрлардың түрленуі – арнау, баллада, элегия, публицистикалық поэзия формалары арқылы қоғамдық сананы сілкінту мақсаты айқын көрінеді. Қырғыз әдебиетінде дәстүр мен жаңашылдықтың қатар өрілуі, фольклор мен классикалық үлгінің ұштасуы сол дәуірдің көркемдік кеңістігін қалыптастырды. Бұл мақала «ояну» дәуірінің қырғыз әдеби процесіндегі орны мен тарихи маңызын анықтауға бағытталған ғылыми талдауға негізделген. Сонымен бірге, зерттеу қырғыз әдебиетіндегі ұлттық өзіндік сана мен азаттық идеясын көркем тіл, бейнелі ой және поэтикалық дәстүр арқылы жеткізудің жаңа үрдістерін айқындайды. Бұл бағытта ақындардың шығармалары қоғамдық пікір мен рухани серпілістің қуатты қозғаушы күшіне айналып, кейінгі әдеби дамуға да негіз қалады.