АЗЫҚ -ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ БӨЛШЕК САУДА НАРЫҒЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2025.2(59).16
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу 2020–2024 жылдар аралығындағы Қазақстандағы азық-түлік бөлшек сауда нарығындағы тұтынушылық мінез-құлықтағы өзгерістердің кешенді талдауын ұсынады. Негізгі назар макрофакторлар (халық табысы, инфляция мен баға динамикасы, демографиялық өзгерістер, пандемияның әсері және сауданың цифрлануы) мен азық-түлік тұтыну көрсеткіштері арасындағы өзара байланыстарды анықтауға бағытталған. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының ресми статистикалық деректері мен тақырыптық ғылыми жарияланымдар пайдаланылды. Зерттеу болжамы бойынша 2020–2022 жылдардағы дағдарыстық құбылыстар (пандемия және геосаяси тұрақсыздық) қазақстандық тұтынушылардың азық-түлікке қатысты мінез-құлқына елеулі әсері анықталды. Корреляциялық-регрессиондық талдау табыстар мен бағалар факторларының азық-түлік тұтынуына айтарлықтай ықпал ететінін растады, сондай-ақ цифрландыру мен демографиялық ерекшеліктердің бұл әсерлерді күшейтетін немесе жұмсартатын рөлін көрсетті. Қорытындыда: нарықтық күйзелістерге қарамастан сауда бейімделіп, жаңа арналар мен шағын дүкендер форматы дамыды, мемлекет әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандырып, мұқтаж азаматтарға көмек көрсетті, ал тұтынушылар өз әдеттерін икемді түрде өзгерте алды. Дегенмен, табысы төмен халықтың үлесі, импорт бағасына жоғары тәуелділік, қарыз жүктемесінің өсуі сияқты бірқатар мәселелер әлі де назар аударуды талап етеді. Ұлттық экономиканы дамыту, халық әл-ауқатын арттыру және сауда саласында инновацияларды енгізу бойынша кешенді жұмысты жалғастыру болашақтағы сын-қатерлерге тұтыну нарығының төзімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. This study offers a comprehensive analysis of changes in consumer behavior in Kazakhstan’s food retail market between 2020 and 2024. The primary focus is on identifying interconnections between macro factors (household income, inflation and price dynamics, demographic shifts, the impact of the pandemic, and the digitalization of trade) and food consumption indicators. The study draws on official statistics from the Republic of Kazakhstan and relevant academic publications. According to the study's forecast, the crisis phenomena of 2020–2022 (the pandemic and geopolitical instability) had a significant impact on Kazakhstani consumers’ food-related behavior. Correlation and regression analysis confirmed that income and price factors strongly influence food consumption, while digitalization and demographic characteristics were found to amplify or mitigate these effects. The conclusion notes that despite market disruptions, retail trade adapted by developing new channels and small-format stores; the government stabilized prices for socially important goods and provided support to vulnerable citizens; and consumers were able to flexibly adjust their habits. However, issues such as the high proportion of low-income populations, dependence on import prices, and increasing debt burden still require attention. Continued efforts to develop the national economy, improve public welfare, and introduce innovations in the trade sector will enhance the consumer market’s resilience to future challenges.