Аңдатпа
Мақала Қазақстанның ауыл аймақтарындағы жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелерін қарастыруға арналды. Талдау жүргізу барысында аграрлық сектордағы жастар арасындағы кәсіпкерлік белсенділігін арттырудың өзекті мәселелері айқындалды. Жастардың жұмысқа орналасу деңгейі мен кәсіпкерлік қызметпен айналасу деңгейіне қатысты статистикалық деректер негізінде қалалық және ауылдық жерлерде өз бетінше кәсіппен айналысатын жастар санындағы өзгешеліктер көрсетілді. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде өз бетінше кәсіппен айналысатын жастар санындағы ер мен әйел адамдардың үлесі мен өсімі қарастырылды. Шет елдердегі тәжірибелерге сүйене отырып, ауыл жастарының арасындағы кәсіпкерлік қызметін ынталандыру мәселелері айқындалды. Зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ауыл жастарының кәсіпкерлікке қатысу деңгейіне кедергі келтіретін негізгі факторлар ретінде қаржыландырудың жеткіліксіздігі, білім беру және инфрақұрылымның төмен деңгейі аталды. Оған қоса, ауыл жастарының кәсіпкерлік қызметтегі табысты нәтижелері ауыл өмірін жақсартуға, жұмыс орындарын құруға және әлеуметтік–экономикалық дамуға үлес қосатыны аталып өтілді. Сол себепті, мақалада жастардың ауыл шаруашылығында инновациялық бастамаларды қолдаудың және қаржыландыру тетіктерін жетілдірудің маңыздылығы белгіленді. Сонымен қатар, жастардың білімін арттыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы олардың кәсіпкерлік белсенділігін көтеру мәселелері қарастырылды. The article examines issues related to the development of youth entrepreneurship in rural regions of Kazakhstan. The analysis reveals current problems in increasing entrepreneurial activity among young people in the country's agricultural sector. Based on an analysis of statistical data on the level of employment and involvement of young people in entrepreneurial activity, differences in the number of self-employed young people in urban and rural areas are indicated. The dynamics of growth and the share of men and women in the number of self-employed young people in rural areas were also examined. Based on the experience of foreign countries, issues related to stimulating entrepreneurial activity among rural youth were considered. The results of the research showed that insufficient funding, low levels of education and infrastructure are cited as the main factors hindering the level of activity of rural youth in entrepreneurship. At the same time, it is noted that the successful results of entrepreneurial activity among rural youth contribute to improving rural life, creating jobs and socio-economic development. The article highlights the importance of supporting innovative initiatives by young people in agriculture and improving financing mechanisms, as well as attracting rural youth to entrepreneurial activities through improving their education and developing infrastructure.