Қазақстанның еңбек нарығы цифрландыру дәуірінде: құрылымдық өзгерістер және даму перспективалары

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2025.2(59).32
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның еңбек нарығына әсер ететін цифрлық трансформация процестері қарастырылады. Жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі, еңбек қатынастарының икемді формаларының дамуы және цифрлық дағдыларға сұраныстың артуы сияқты негізгі үрдістер мен заңдылықтар талданады. Технологиялық жұмыссыздықтың өсуі, өңірлердегі цифрландыру деңгейіндегі теңсіздік және білім беру жүйесінің еңбек нарығының жаңа талаптарына бейімделуі сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады. Зерттеуде корреляциялық талдау әдістері қолданылып, цифрлық технологияларды енгізу қарқыны мен жұмыспен қамту динамикасы арасындағы өзара байланыс анықталды. Цифрландыру ақпараттық технологиялар саласында жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететіні, алайда бір мезгілде рутинді мамандықтардың қысқаруына алып келетіні дәлелденді. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың өңірлерде әркелкі таралуы аймақтық теңсіздіктерді күшейтіп, жұмыс күшінің жаңа жағдайларға бейімделуін қиындататыны көрсетілді. Алынған деректер негізінде цифрлық экономика жағдайында еңбек нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бейімделу тетіктерін қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасалды. Мақалада цифрлық теңсіздікті азайту, кәсіби дағдыларды дамыту және инновациялық кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған мемлекеттік және корпоративтік саясаттың негізгі бағыттары айқындалды. Сондай-ақ кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру және қызметкерлерді қайта даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл олардың цифрлық экономикаға тиімді интеграциялануына мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік жұмыспен қамту және цифрлық даму стратегияларын әзірлеуде, сондай-ақ технологиялық өзгерістер жағдайында қызметкерлерді қолдау бағдарламаларын қалыптастыруда пайдалануға ұсынылады. The article examines the processes of digital transformation affecting Kazakhstan's labor market. It analyzes changes in employment structure, the development of flexible forms of labor relations, and the growing demand for digital skills. Special attention is given to the rise of technological unemployment, regional disparities in digitalization levels, and the adaptation of the education system to new labor market requirements. The study employs correlation analysis methods to identify the relationship between the pace of digital technology adoption and employment dynamics. It has been established that digitalization contributes to the creation of new jobs in the IT sector, while simultaneously leading to the reduction of routine professions. Additionally, the uneven distribution of digital technologies across regions exacerbates regional inequalities, making workforce adaptation more challenging. Based on the findings, recommendations have been proposed to develop adaptive mechanisms aimed at ensuring labor market stability in the digital economy. The article highlights key directions of state and corporate policies aimed at reducing digital inequality, developing professional skills, and fostering innovative entrepreneurship. Special attention is also given to the improvement of vocational education and retraining programs, ensuring more effective integration of workers into the digital economy. The research findings can be utilized in the development of national employment and digital development strategies, as well as in the design of worker support programs in the face of technological changes.