Аңдатпа
Бұл мақалада қамауда ұстау шарттары адам құқықтарын қамтамасыз етудің ажырамас элементі ретінде қарастырылып, олардың халықаралық құқықтық стандарттарға сәйкес болу қажеттігі атап көрсетілген. Зерттеуде Қазақстанның пенитенциарлық жүйесіндегі құқық бұзушылықтар, оның ішінде азаптау, қатыгездік немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттерді қолдану жан-жақты талданып, қорғаудың құқықтық тетіктері мен заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік деңгейіндегі кемшіліктері анықталған. Азаптаудың алдын алу бойынша нақты шаралар ретінде мыналар ұсынылады: сотқа дейінгі іс жүргізудің бастапқы сатысында адвокаттың міндетті түрде қатысуы, жауап алуды аудио және бейнежазбаға түсіру, азаптауларға жауапкершілікті арттыру және процестік кепілдіктерді кеңейту. Авторлар зерттеуде құқықтық нормаларды жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, тәуелсіз мониторинг институтын құру және тиімді құқықтық қорғау тетіктерін енгізу қажеттілігін баса айтады. Бұл шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қамаудағы адамдардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.