СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ТРАНСҰЛТТЫҚ СИПАТЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52425/25187252_2025_37_56
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми мақаланың мақсаты сыбайлас жемқорлық қылмысының трансұлттық сипатын ашу. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмысының динамикасын құқықтық статистика әдісі негізінде қарастырылды, заңнамалық нормаларды талдауда формальды-логикалық, шетелдік заңнамалармен салыстыруда салыстырмалы-құқықтық әдістер қолданылған. Зерттеу нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың трансұлттық сипатын қалыптастырудағы қазақстандық тәжірибе талданды. ҚР қолданыстағы заңнамада сыбайлас жемқорлықтың трансұлттық сипаты біршама айқындалған, дегенмен де зерттеу нәтижесінде осы бағыттағы заңнаманың жетілмеген тұстары айқындалды. Мақаланың жаңалығы жүйелі тәсілмен сыбайлас жемқорлық қылмыстарының трансұлттық сипатын айқындау мен оған қарсы ісқимылдың практикасы мен оның халықаралық-құқықтық реттелу тәжірибесіне сыни талдау жасалды.