БА ЦЗИН МЕН БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БАТЫРЛЫҚ НАРРАТИВТЕР

Journal of Oriental Studies, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jos202511439
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қытай жазушысы Ба Цзин мен қазақ қаламгері Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы батырлық нарративтер нарратология және этикалық сын теориялары тұрғысынан салыстырмалы талданады. Зерттеуде соғыс тақырыбын көркем бейнелеудегі авторлық ұстаным, кейіпкерлер жүйесі, баяндау формасы мен көркемдік тәсілдер зерделенеді. Батырлық ұғымы тек майдан даласындағы ерлікпен ғана емес, сонымен қатар кейіпкердің рухани өсу жолы, ішкі өзгерістері мен моральдық таңдаулары арқылы ашылады. Ба Цзин прозасында батырлық социалистік реализм аясында ұжымдық батыр бейнесі суреттеліп, патриотизм идеологиялық борыш ретінде сипатталады. Ал Бауыржан Момышұлы шығармаларында батыр тұлғаның ішкі тәртібі, ерік-жігері мен рухани кемелденуі алдыңғы қатарға шығады, бұл жазушының әскери және педагогикалық тәжірибесімен тікелей байланысты. Зерттеу барысында авторлардың батырлықты жеткізудегі нарративтік құрылымдары, символдар мен метафоралар жүйесі талданып, олардың ұлттық тарихи жад пен мәдени құндылықтарды көркемдік тұрғыда бейнелеу ерекшеліктері сараланады. Салыстырмалы тәсіл арқылы Қытай мен Қазақстан әдебиеттеріндегі батырлық концептісінің ұлттық болмыс пен жалпыадамзаттық құндылықтар тоғысында қалай көрініс табатыны ашылады. Мақалада батыр бейнесінің ұлттық әдеби дәстүр мен тарихи сананың ықпалымен трансформациялану үдерісі ғылыми тұрғыда зерделенеді. Түйін сөздер: батырлық, патриотизм, рухани төзімділік, соғыс прозасы, Ба Цзин, Бауыржан Момышұлы, моральдық таңдау, ұлттық сана, қаһарман бейнесі.