ИРАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ «ШЫҒЫСҚА БЕТБҰРЫС» БАҒЫТЫ

Journal of Oriental Studies, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jos202511433
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Соңғы жылдары Иран Ислам Республикасының сыртқы саясатында «Шығысқа бетбұрыс» бағытына басымдық беріліп келеді. Бұл бағыттың дамуы 1990 жж. басталды және Иранға Батыстың қысымы артқан сайын Шығыс елдерімен байланыстар тереңдей түсті. Бұл мақаланың мақсаты – ИИР сыртқы саясатындағы «Шығысқа бетбұрыс» стратегиясының кезеңдері мен бағыттарын қарастыру. Салыстырмалы-тарихи және хронологиялық сараптау әдістері негізінде бұл стратегияның қалыптасу себептері, жүргізілу жолдары мен кезеңдері, қол жеткізген нәтижелерін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізілді. Иран, Ресей және Батыс ғалымдарының мақалаларын сараптай келе, «Шығысқа бетбұрыс» стратегиясының қалыптасуына әлемдегі геосаяси жағдайдың өзгеруі, Иранның ядролық бағдарламасына байланысты Батыстың қысымының күшеюі әсер етті деп түйін жасауға болады. «Шығысқа бетбұрыс» стратегиясының негізгі бағыттары ретінде Иранның Ресей, Қытай және Үндістанмен байланыстары, соның ішінде ортақ саяси және экономикалық мүдделері сарапталды. Сондай ақ Иранның халықаралық ұйымдарға қосылу саясаты қарастырылды. Шығыс елдерімен байланыстарды тереңдету елдің геосаяси және экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған. «Шығысқа бетбұрыс» стратегиясының мәні мен бағыттарын анықтау Иранның сыртқы саясатын және халықаралық қатынастардағы рөлін сараптауға мүмкіндік береді. Түйін сөздер: Иран, сыртқы саясат, Шығысқа бетбұрыс, Ресей, Қытай, Үндістан, халықаралық ұйымдар