ТІРКЕЛГЕН АКТИВТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t81.n3.26
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада тіркелген активтерді цифрлық форматта есепке алу мәселесі жан-жақты қарастырылады. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялардың даму қарқыны экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесінде жаңа мүмкіндіктер мен талаптар туындатып отыр. Осы орайда тіркелген активтердің — атап айтқанда, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің — есепке алынуы мен басқару тәсілдері де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Зерттеуде автоматтандырылған бухгалтерлік жүйелердің атқаратын рөлі, олардың халықаралық және ұлттық есеп стандарттарымен сәйкестігі, сондай-ақ тәжірибеде қолдану ерекшеліктері егжей-тегжейлі талданады. Материалдық емес активтерді, мысалы, интеллектуалдық меншік объектілері, бағдарламалық қамтамасыз ету және деректер базасы сияқты активтерді цифрлық түрде тіркеу мен бағалау процесі де қарастырылады. Цифрлық трансформация бұл активтердің нарықтық құнын дәл айқындауға, амортизацияны тиімді есептеуге және олардың ұйым ішіндегі стратегиялық маңызын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, цифрлық есепке алудың негізгі артықшылықтары мен мүмкін болатын тәуекелдері сарапталып, болашақта ұйымдар тап болуы мүмкін негізгі сын-қатерлер де сипатталады. Мақалада келтірілген зерттеу нәтижелері бухгалтерлік есеп жүйесін жаңғыртумен айналысатын практик мамандар мен осы салада ғылыми ізденіс жүргізіп жүрген зерттеушілер үшін теориялық және қолданбалы тұрғыда құнды ақпарат көзі бола алады. Цифрлық шешімдерге көшу барысында дұрыс стратегия қалыптастыру мен тиімді басқару механизмдерін енгізуге бағытталған ұсыныстар да беріледі.