CR-FE-AL-SI ЖҮЙЕСІН ТЕРМОДИНАМИКАЛЫ-ДИАГРАММАЛЫҚ ТАЛДАУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t81.n3.23
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыста Cr-Fe-Al-Si металлдық жүйесінің фазалық диаграммасын құру мәселесі термодинамикалы-диаграммалық талдау (ТДТ) әдістерін пайдалану арқылы қарастырылады. FactSage және HSC Chemistry бағдарламалық кешендері көмегімен орындалған термодинамикалық есептеулер негізінде жүйедегі барлық қосылыстардың стандартты Гиббс энергиясы (ΔG1723), энтальпиясы (ΔH1723) және энтропиясы (ΔS1723) анықталды. Cr-Fe-Al, Cr-Fe-Si, Cr-Al-Si және Fe-Al-Si төрт тройлық қосалқы жүйелерінің триангуляциясы жүргізілді, конгруэнтті және инконгруэнтті балқығыш қосылыстар ескеріліп, фазалардың тұрақтылық облыстары анықталды. Жүргізілген тетраэдрация нәтижесінде жүйе 24 элементарлық тетраэдрден тұратыны және олардың салыстырмалы көлемдерінің қосындысы 0,9978-ге тең екендігі анықталды, бұл есептеулердің дұрыстығын растайды. Құрамында Al-15%, Si-40%, Cr-25%, Fe-20% бар қорытпа үшін фазалық құрамды модельдеу және қоспалар ережесі бойынша балқу температурасын жуық есептеу жүргізілді, алынған мән шамамен 1450 °C құрады. Құрылған фазалық диаграмма және алынған трансформация теңдеулері қорытпа құрамының өзгеруіне байланысты фазалардың эволюциясын болжауға, алюмосиликохром балқытуға арналған оңтайлы шихтаны таңдауға және тотықсыздандыру процестерінің технологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер хром негізіндегі жаңа қорытпаларды әзірлеу және металлургиялық процестерді оңтайландыру кезінде шығындарды азайту және дайын өнім сапасын арттыру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.