ФОРМИРОВАНИЕ ЯЗЫКОВОЙ КОМПЕТЕНЦИИ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ ИННОВАЦИОННЫХ МЕТОДОВ В ПРЕПОДАВАНИИ РУССКОГО ЯЗЫКА

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t81.n3.10
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде орыс тілін оқытудың заманауи инновациялық әдістері қарастырылады. Цифрландырудың жедел қарқыны, құзыреттілікке негізделген оқыту моделіне көшу және көптілді кеңістік қалыптастыру жағдайында студенттердің лингвистикалық дайындығына қойылатын талаптар артып келеді. Қазіргі жағдайда тілдік құзыреттілік тек тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасау қабілеті ретінде ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандардың кәсіби және академиялық ұтқырлығының негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Мақалада интерактивті оқыту, жобалық жұмыс, геймификация элементтері, цифрлық мультимедиялық ресурстарды пайдалану және бірлескен іс-әрекет сияқты әдістемелік тәсілдер жан-жақты талданады. Бұл әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылып, Қазақстанның білім беру контексіне сай педагогикалық тұрғыдан қолдану тиімділігі дәлелденеді. Аталған әдістерді қолдану студенттердің оқу мотивациясын арттыруға, танымдық белсенділігін жандандыруға, сыни ойлау мен ынтымақтастық дағдыларын дамытуға септігін тигізді. Мақала теориялық дереккөздерге, педагогикалық бақылау нәтижелеріне, студенттерге жүргізілген сауалнамаларға сүйеніп жазылған, бұл тілдік құзыреттілікті қалыптастырудың ең тиімді құралдарын анықтауға мүмкіндік берді. Орыс тілін оқыту процесіне инновациялық әдістерді жүйелі түрде енгізу – білім сапасын жаңартудың тиімді жолы және қазақстандық ЖОО түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды шарты екендігі туралы қорытынды жасалды.