Аңдатпа
Бұл мақалада ұңғыманың түп аймағын өңдеу тиімділігін арттырудағы жаңа әдіс әзірленген, жылутасығышты ұңғыманың түп аймағына енгізу арқылы, оның құрамының еру қабілетін, өндіруші ұңғымалардың түп аймағы бөлігін өңдеу кезінде ерімейтін шөгінділердің еру жылдамдығы мен көлемін, соныменқатар, қабатқа терең енуді арттыру болып табылады. Бұл композиция қабаттардың мұнаймен қаныққан кеуектеріне енген кезде, скипидар жақсы еріткіш ретінде мұнай-қышқыл эмульсияларының тұрақтылығын айтарлықтай төмендетеді және және ұңғыманың түп аймағындағы калий бихроматының сулы ерітіндісінің скипидармен кейінгі реакциясы күшейеді және реакцияның қабаттан тыс жерде ығысуымен байланысты құрамның қабаттан шығуына қарай жалғасады. Қолданылатын композиция ароматты көмірсутектермен, сондай-ақ парафиндермен әрекеттеседі. Реакциялар нәтижесінде әр түрлі қышқылды күрделі эфирлер алынады, олар фазааралық керілуді төмендетеді, ингибиторлық әсерді арттырады, тау жынысы ұңғымасының кеуектеріндегі ауыр мұнай компоненттерінің шөгінділерін ерітеді және ұңғы түбінің және қабаттың шалғай аймағының өткізгіштігін қалпына келтіреді, нәтижесінде қабаттан ұңғымаға мұнай ағыны жақсарады.