Органикалық ет өндірісінде цифрлық элементтермен жабдықталған жайылымдық мал шаруашылығы технологиясы

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.2/1(126).1948
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Алғышарттар мен мақсат. Органикалық ет өндірісі жағдайында цифрлық технологиялардың (датчиктер, бақылау жүйелері, деректерді талдау және автоматтандыру) дамуы мал шаруашылығын, соның ішінде жайылымдық жүйелерді тиімді басқаруға жол ашты. Бұл инновациялық технологиялар органикалық өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаруда. Зерттеудің мақсаты – мал шаруашылығында цифрлық технологияларды қолдану арқылы жайылымдық жүйелердің тиімділігін арттыру және органикалық өнім өндірудің негіздемесін айқындау болып табылады. Материалдар мен әдістер. Зерттеу Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданындағы «Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС базасында жүргізілді. Объектілер – дала аймағының жайылымдары мен қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малы. 70 га жайылым 7 учаскеге (әрқайсысы 10 га) бөлініп, гүл жапырақшасы тәрізді құрылымда орналастырылды. Суару жүйесі орталықтандырылып, жануарлардың суатқа келуін тіркеу үшін RFID негізіндегі автоматты платформа қолданылды. Су ішу уақыты, ұзақтығы мен ветеринарлық өңдеу деректері тіркелді. Жайылым сапасы сиырлар мен құнажындардың дене қоңдылығын (body condition score – бұдан әрі BCS) 9 балдық шкала бойынша бағалау арқылы анықталды. Нәтижелер. Жайылымда 35 өсімдік түрі анықталды, олардың әртүрлілігі жаз мезгілінде жоғары болды. Учаскеларды екі циклмен пайдалану өсімдік жамылғысының тұрақтылығын қамтамасыз етті. Сиырлар мен екі жастан асқан құнажындардың BCS көрсеткіші көпшілігінде 5–7 балл аралығында болды; бұл жайылымдық азықтың сапасына тәуелді. Жануарлардың суды тұтынуы таңертеңгі (05:00-09:00), түскі (14:00-15:00) және кешкі (19:00) уақытта белсенділіктің шарықтау шегін көрсетті, бұл ауа температурасының ыстық жағдайында су балансының сақталуын көрсетеді. Nepeta cataria эфир майларына негізделген фитопрепаратты қолдану алғашқы екі аптада эктопаразиттерден қорғауда 100% тиімділікті көрсетті, әсері 15-20 күнге созылады. Зерттеу нәтижелері ұсынылып отырған жайылымдарды басқару жүйесі мен мал шаруашылығы өнімдерін жақсарту технологияларының тиімділігін растайды. Қорытынды. Зерттеу органикалық ет өндірісі кезінде цифрлық технологиялар элементтері бар жайылымдарды басқаруда автоматтандырылған технологиялардың тиімділігін, жануарлардың денсаулығы мен өнімділігін жақсартудағы маңызын, сондай-ақ су мен жем-шөп ресурстарын ұтымды пайдаланудың әлеуетін дәлелдеді.