Австралиялық қызыл қысқышты шаянды (Cherax quadricarinatus) өсіруге арналған тұйық сумен қамтамасыз ету жүйесін құру

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.3(127).1995
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Алғышарттар мен мақсат. Австралиялық қызыл қысқышты шаян (Cherax quadricarinatus) жоғары репродуктивтілігі және бейімділігінің арқасында аквакультурада перспективалы түр болып табылады. Дегенмен, дәстүрлі балық өсіру жүйелері шаян тәрізділердің ерекшеліктерін ескермейді, нәтижесінде бұл оның өсіру тиімділігін төмендетеді. Зерттеудің мақсаты - шаяндарды қарқынды өсіру жағдайларын оңтайландыру, биоөнімділікті арттыру және ресурс шығындарын азайту үшін тұйық сумен қамтамасыз ету қондырғысын әзірлеу. Материалдар мен әдістер. Қондырғы көп деңгейлі полипропиленді науалары бар металл жақтауды (биіктігі 12-20 см, су тереңдігі 6-14 см), реттеу құбырлары бар суды беру және ағызу жүйесін, механикалық барабан сүзгісін, су жинақтаушысы бар «змеевик» түріндегі биологиялық сүзгіні, бактерицидті өңдеуге арналған ультракүлгін шамды және аэраторды қамтиды. Нәтижелер. Шығындарды азайту үшін сумен жабдықтауды реттеу және суды тазарту кезекті түрде жүзеге асырылды. Қондырғы деңгейлерді 3-4-тен 5-6-ға дейін ұлғайту арқылы шабақтарды отырғызу 40-60 дара/м2 тығыздығында биоөнімділікті 25-50% - ға арттырды. Су шығыны 22-67% - ға азайды (180-ден 60-140 л/м2 науаға дейін). Қорытынды. Тұйық сумен қамту жүйесінің модернизациясы және су дайындауды оңтайландыру электр энергиясын тұтынумен қатар, су шығындарын азайттып өнімділікті жақсартты. Науаларды бөлу каннибализмді төмендетіп, судың тұрақты сапасы механикалық, биологиялық және бактерицидтік тазартумен қамтамасыз етілді. Әзірленген тұйық сумен қамтамасыз ету қондырғысы маусымдықты ескерусіз, шаяндардың үнемді және тұрақты өндірісін қамтамасыз етеді. Қондырғы аквакультураның тұрақты дамуына ықпал ететін басқа шаян тәрізділер түрлеріне қолданбалы.