ТСҚеҚ жағдайында бекіре балықтарының маусымдық биоритмдерін реттеу нәтижесі

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.3(127).2002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Алғышарт мен мақсат. Бұл мақалада жасанды жағдайда өсірілетін бекіре тұқымдас балықтардан дәстүрлі әдіссіз, балықтарды өлтірмей тірі күйінде уылдырық алу мақсатында бірнеше әдістемелер қолданылуы кезіндегі ғылыми-зерттеу нәтижелері келтірілген. Сондай ақ қыстату режиміне балықтарды таңдап алу үшін бонитировкалау, жынысқа жетілу сатыларын анықтау мақсатында ультра дыбыстық (УДЗ) аппараттары арқылы зерттеулер жүргізу және балықтардың уылдырыққа қай сатыға дейін жетілгенін толық анықтау мақсатында биопсия әдістемелерін пайдалану, бекіре тұқымдас балықтардан тірі күйінде уылдырық алу нәтижелері және зертханалық жүргізілген жұмыстардың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары көрсетілген. Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмыстарының нысандарына сүйрік балығының (Acipenser rithenus Linnaeus) 16+ жастағы 5 данасы, сібір бекіресінің (Acipenser baerii Brandt) 13+ жастағы 14 данасы және орыс бекіресінің (Acipenser guelden-staedtii Brandt et Ratzeburg) 13+ жастағы 11 данасы, сонымен қатар қортпа балығының (Huso huso Linnaeus) 9+ жастағы 7 данасы алынды. Зерттеу объектілерін іріктеу үшін балықтардың фенотиптық көрсеткіштерін анықталып, бонитировка жасау арқылы жүргізілді, кейін жынысқа жетілуін анықтау үшін экспресс-әдістеме ретінде УДЗ (ультра-дыбыстық зерттеу) жүйесінің қолданылды. Нәтижелер. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша әр түрдегі бекіре тұқымдас балықтардың физиологиялық көрсеткіштері, гидрохимиялық және термикалық жағдайдағы бір ортада қыстағынымен жыныс өнімдерінің даму көрсеткіштері әртүрлі болып шыққаны айқын көрсетілген. Зерттеу нәтижелерінде ооциттердің ең оптимальды орташа поляризациялық коэффициенті, резорбциялық нәтижелері, түр аралық салмақтық ара қатынастары, уылдырықтату алдындағы қыстату жұмыстарының жалғасу күндері және қыстату температурасының нәтижелері де айқындалған. Қорытынды. Бұл зерттеулердің нәтижелері алдағы уақыттағы бекіре тұқымдас балықтарды жасанды жағдайда өсіру кезіндегі технологияларды жетілдірудің жаңа қырларын ашуға және тиімділігін арттыруға үлесін береді деп білеміз.