ҚАЗАҚ ЭТНОМӘДЕНИЕТІНІҢ САНДЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss3pp45-58
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала тілде сақталған сан компоненттерінің мәдени-семантикалық және концептілік мағыналарын, этникалық мәдениеттің сандық коды қызметінде жұмсалу ерекшелігін және сандық кодтың зерттелуіне тарихи шолу жасау мәселесіне арналады. Қазақ халқының өмір сүрген ортасына, аймағына, қоршаған табиғатына сай қалыптасып, тілде сақталған бірегей тарихи дамуы мен күнделікті өмір сүру ерекшеліктері, өмір сүру салты мен дәстүріне қатысты сандық кодты зерттеу заманауи антропоөзектік парадигма аясында өзектелуде. Мақаламызда жадымызда сақталған киелі сандардың этномәдени жүйе коды қызметінде жұмсалуын зерделеуге, фразеология, идиоматика, реалий контексіндегі сандық компонеттердің мәдени кодын ашуға, фольклор материалдары мен паремиология негізінде санның концепт деңгейіндегі ұғымдық, образдық, құндылық және символикалық сипатын зерделеуге, этникалық мәдениеттің сандық кодын халықтық математика аспектісінде айқындауға негіз болатын этномәдениеттің сандық кодын жан-жақты ашуға ұсыныстар жасалады. Қазақ мемлекетінің бүгінгі таңдағы даму барысын белгілейтін қоғамдық-әлеуметтік жаңару бағдарына сай тіл арқылы ұлт құндылықтарын игеру аса маңызды. Мақаламыздың маңыздылығы – қазақ мәдениетіндегі сандардың ерекше мәнін архетиптік санада жаңғыртып, бүгінгі тіл иесінің қолданысындағы сөз әлеуетін таныту мен сан компоненттерінің мәдени кодын айқындау. Мақаланың мақсаты – тілші-ғалымдардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, тіл арқылы мемлекетшілдік сана деңгейін көтеру. Мақаланың өзектілігі – ұлттың дүниетанымымен, ұлттық болмысымен ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан, ғасырлар бойы жасаған ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, ұлттық корпус арқылы болашақ жастарға аманаттау. Қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, диалектологиялық, әлеуметтанымдық т.б. зерттеулерде түсіндіріліп, жинақталған «сандық кодты» танытатын этномәдени бірліктердің жүйесін ұлттық корпуста берудің ғылыми-әдіснамалық үлгісін көрсету – мақаланың арқалаған міндеті. Мақаланың құндылығы тіл арқылы ұлт мәдениетін (болмысын) заманауи лингвистиканың ақпараттық көзі ретінде ізденушілердің жұмысын оңтайландыруында болып отыр.