Bulletin WKU

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2025.99(3).137
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ГАЖ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ РӨЛІ Андатпа.Табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану, экологиялық теңгерімнің бұзылуы жəне ұланғайыр аумақтардағы табиғи экожүйелердің деградациясымен байланысты экологиялық проблемалардың шиеленісуі жағдайында бірегей табиғи аумақтарды сақтау қажеттілігі ерекше өзекті.Мұндай сын-қатерлерге жауап ретінде табиғи кешендерді бастапқы күйінде сақтауға жəне антропогендік факторлардың əсерінен бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруге көмектесетін экологиялық негіз ретінде қызмет ететін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) құру маңызды.Мақалада ГАЖ технологиялары арқылы биоалуантүрлілікті сақтауды біріктіру контексінде Солтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рөлі қарастырылған.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық жауапкершілікті дамыту жəне сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түрлерді сақтау бағдарламаларын іске асыру платформасы ретінде пайдаланудың заманауи тəсілдері талданған.Өңірдегі қорғауға алынған табиғи аумақтарға шолу жасалып жəне олардың білім беру, ғылыми зерттеулер мен экологиялық білімді танымал ету мүмкіндіктеріне сипаттама берілген.Табиғатты қорғау іс-қимылының негізгі бағыттары көрсетіліп, өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рөлін күшейту бойынша ұсыныстар белгіленді.Зерттеу жұмысында ЕҚТА сипаттама беруде 1:250 000 масштабтағы Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде Солтүстік Қазақстан облысының туристік-рекреациялық картасы, Айыртау өңірінің рекреациялық карталары əзірленді.Географиялық ақпараттық жүйелер, жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалану туристік жəне рекреациялық əрекеттерді жоспарлаудың тиімділігін арттырады, экожүйені қорғау шараларын білім беру жəне халыққа хабардар ету бастамаларымен біріктіруді оңтайландырады.Мұндай