NAURYZ: HISTORY, CUSTOMS AND ROLE IN THE FORMATION OF NATIONAL IDENTITY

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-1281-2025-152-3-53-68
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Наурыз мейрамының пайда болу және дәстүрлі ғұрыптық кешенінің қалыптасу тарихы және ұлттық бірегейлікті қамтамасыз ету қызметі қарастырылады. Авторлар көктемгі күн мен түн теңескен күннің межесі және жыл басы Наурыз мейрамының тарихын неолит дәуірімен байланыстырады. Бұл бір жағы қазақ шежіресінде ерекше орын алатын Топан су және Қазығұрт туралы аңыздардан және көне әдет-ғұрыптардан көрініс табады. Наурыз мейрамын авторлар толып жатқан ғұрыптардың басын қосатын кешен ретінде қарастырады. Бұл алдымен күн мен түннің теңескен сәтін бақылау, көрісу, дастархан, бата сияқты қазақ тіршілігінде маңызды орын алатын құндылықтар жиынтығы. Мақалада қазақ ауызша дәстүріндегі «ұлыстың ұлы күні» сөз тіркесінің мағынасы сарапталған. Авторлар наурызды мемлекеттік мейрам ретінде қарастырады және оған бірнеше дәлел келтіреді. Қазақ хандығы заманында Наурызды тойлауға мемлекеттік маңыз беріліп, оны мемлекет құрамына кірген әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтардың басын қосатын құрал қызметі жан-жақты қарастырылған.