THE DEVELOPMENT OF CONTEMPORARY ART AND NEW MEDIA IN KAZAKHSTAN

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-1281-2025-152-3-186-201
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы заманауи өнердің даму ерекшеліктері мен жаңа медиа өнерінің қалыптасу үрдістері қарастырылады. Мақалада мультидисциплинарлық, мультимедиалылық, гибридтік тәжірибе, мультимодалдылық және трансмедиалдылық сияқты заманауи өнер теориясындағы негізгі ұғымдар түсіндіріліп, қазақстандық суретшілердің шығармашылығынан нақты мысалдар келтіріледі. Зерттеу барысында бейнеарт, инсталляция, фотосурет және цифрлық технологиялар сияқты медиумдардың өзара ықпалы мен суретшілердің тәжірибелері басты назарға алынады. Мақала автордың «Цифрлық дәуірдегі өнер» атты магистрлік диссертациясын негізге ала отырып жазылған. Мақалада Борис Гройстың «В потоке», Вальтер Беньяминнің «Произведение искусства в эпоху его технической воспроизводимости», Лев Мановичтің «Язык новых медиа», Маршалл Маклюэннің «Понимание Медиа: Внешние расширения человека» сияқты еңбектері және заманауи өнер мен медиа теориясының өзге де маңызды дереккөздеріне сүйеніп талданған.