«БАЙТАРТУ’Л-ВАЗИХ» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШ ТІЛІНДЕГІ ЖАЛПЫТҮРКІЛІК ЛЕКСИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss3pp23-34
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала ортағасырдағы қыпшақ тілінде жазылған «Байтарату’л-Вазих» жазба ескерткішіндегі жалпытүркілік лексиканы талдауға арналған. Жәдігерлік тілін зерттеу арқылы түркі тілдері арасындағы туыстық байланыстарды анықтауға болады. Мақаланың негізгі мақсаты – «Байтарту’л-Вазих» жазба ескерткішіндегі жалпытүркілік лексиканы ажыратып, олардың қазіргі қазақ тілімен сабақтастығын тілдік тұрғыдан анықтап, қазіргі қазақ тіліндегі қолданысының мәнін ашу. Зерттеуде жалпытүркілік лексиканың тарихи даму процесін, түркі тілдерімен генетикалық байланысын, анықтау көзделеді. Жазба ескерткіште кездесетін жалпытүркілік лексика түркі тілдерінің ортақ негізін, тілдік құрылымдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу үшін құнды мәліметтер береді. «Байтарту’л-Вазих» жазба ескерткішіндегі жалпытүркілік лексиканы анықтау және оларың қазіргі қазақ тілімен сабақтастығын ажырату түркология ғылымы үшін өзекті мәселелердің бірі. Жалпы зерттеу барысында «Байтарту’л-Вазих» ескерткішіндегі жалпытүркілік лексикаға талдау жасай отырып тарихи және мәдени мұраны жаңаша көзқараспен зерделеуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар мақала түркітану саласындағы тілдік зерттеулерді тереңдетуге және ортағасырлық түркі жазба ескерткіштерінің тілдік мұрасын толық түсінуге үлес қосады. «Байтарту’л-Вазих» жазба ескерткіші тілін зерттеу барысында әртүрлі сипаттағы жалпытүркілік лексикаға лингвистикалық талдау жасалынды. Жазба ескеркіш тілінің қазақ тіліне жақындығы нақты тілдік деректермен дәлелденіп, ортағасырлық қыпшақ тілі мен қазіргі қазақ тілінің лексика-семантикалық ұқсастықтары жан-жақты анықталады.