Ғарыш инфрақұрылымындағы деформацияны FBG сенсорларымен дәл бақылау

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6836-2025-152-3-41-55
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аңдатпа . Ғарыш инфрақұрылымындағы құрылымдық деформацияны дәл бақылау мақсатында FBG сенсорларын қолдану тиімді болып саналады . Ғарыштық ортада құрылымдар түрлі механикалық және температуралық жүктемелерге ұшырайды. Бұл әсерлер уақыт өте келе құрылымның бұзылуына, ақаулардың пайда болуына немесе апаттық жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан деформацияны нақты уақытта бақылау қауіпсіздік пен ұзақ мерзімділікті қамтамасыз етудің маңызды шарты. Сенсорлардың басты артықшылықтары ықшамдылығы, жеңіл салмағы, электромагниттік кедергілерге төзімділігі. Бұл қасиеттері оларды ғарыш кеңістігіндегі шектеулі ресурс жағдайында қолдануға тиімді етеді. Бұл мақалада FBG сенсорларының жұмыс істеу принциптері, оларды ғарыш құрылымдарына орнату әдістері, әртүрлі деформация түрлерін анықтау дәлдігі мен тұрақтылығы сипатталады.