ПАРАЛЛЕЛЬ ОРНАЛАСҚАН ҰҢҒЫМА БОЙЫМЕН ТОРОИДАЛЬДЫ ГИДРОЖАРҒЫШТЫҢ КҮШІМЕН БІРТЕКТІ ТАСТАН ПЛИТАЛАРДЫ АЖЫРАТУДЫ ЗЕРТЕУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.3.28-992
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада заманауи құрылысқа қажетті ғимараттардың сыртын қаптауға немесе баспалдақтарға пайдаланылатын беріктігі жоғары тау жыныстарын игеру процестері зерттелген. Материалдардың механикалық қасиеттерінен қысылу, созылу, иілу, кесу және т .б. беріктігі анықталады. Беріктік құрылыс материалдарының маңызды қасиеті болып табылады. Зерттеу барысында тахеометрлік түсіріс негізінде горизонттардың бойында жатқан жарықшақтардың арақашықтықтары мен қозғалу бағыты ескерілді. Блокты тасты игеру, оны алудың негізгі параметрлерін анықтау кенорындарындағы жарықшақтардың күйі мен басым бағыттарын есепке алусыз жүргізіледі. Сол себепті осының барлығы шығындардың өсуіне әкеліп соғады. Мақаланың негізгі маңызы гранитті тау жыныстарын игеру барысындағы олардың сапасын төмендетпей игеру болып отыр. Аталған мәселе қазіргі таңдағы тау жыныстарын блоктарға бөлу арқылы игеру өзекті мәселесі болып саналады.