ЕАЭО ЕЛДЕРІНІҢ АУМАҒЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН ШИКІЗАТ НЕГІЗІНДЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОСПАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.3.28-1129
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде өндірілетін майлы дақылдар шикізаты негізінде өсімдік майларының инновациялық қоспаларын құрудың ғылыми-техникалық тәсілдері қарастырылған. Қоспалардың негізгі компоненттері ретінде күнбағыс және мақта (Қазақстан), арыш (Ресей) және зығырдан (Беларусь) алынған майларды пайдалану ұсынылады. Бұл майлар май қышқылдарының әртүрлі құрамымен, биологиялық белсенді компоненттерінің болуымен және технологиялық үйлесімділігімен ерекшеленеді. Майдың әрбір түрінің ерекшеліктері негізгі полиқанықпаған май қышқылдарының (омега-3, омега-6), токоферолдардың, фитостеролдардың және басқа да қоректік заттардың құрамы бойынша талданады. Май қышқылдарының теңгерімін оңтайландыру, органолептикалық қасиеттерін жақсарту, тотығуға төзімділігін арттыру және өнімдердің функционалдығын кеңейту мақсатында араластырудың орындылығы негізделінді. Қоспа компоненттерінің пропорцияларын таңдаудың технологиялық аспектілері қарастырыла отырып тағамдық құндылығы бойынша теңдестірілген, диеталық және профилактикалық тамақтануда қолдануға арналған ықтимал рецептердің мысалдары келтірілген. Өсімдік майларын араластыру ауылшаруашылық шикізатын терең өңдеудің және ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті май және май өнімдерін қалыптастырудың тиімді жолы екендігі көрсетілген. ЕАЭО елдерінің шикізатын пайдалану аймақтық ынтымақтастықты дамытуға, импортты алмастыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыруға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелерін нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуде, жаңа рецептураларды құруда, сондай-ақ инновациялық май құрамдарын өнеркәсіптік енгізуде пайдалануға болады.