Аңдатпа
Ерекше құрылымға ие ароматты көмірсутек азулен, жаңа органикалық функционалды материалдар құру бойынша перспективті модульді компонент ретінде өте жиі қарастырылып жатыр. Оның тартымдылығы арнайы полярланған құрылымы және ерекше электронды, оптикалық қасиеттеріне негізделген. Осы жасалынған жұмыста жоғары шығыммен жаңа қосарланған азулендер синтезделді: 2,6-бис(9H-карбазолил)-азулен 5 және 1,3-дикарбонитрил-2,6-бис(9H-карбазолил)-азулен 7. Бұл қосылыстар 380 - 600 нанометр аймағында көрінетін жарықты әрі сіңіретін, әрі шығаратын маңызды қасиетті көрсете алады. Зерттеулер көрсеткендей бастапқы азуленде байқалмайтын осындай фотофизикалық ерекше қасиеттер, көбінесе фотолюминесценцияның көк және күлгін аймақтарында қарқынды сәулеленуі, азулендегі C1, С2, C3 и С6 орындарда карбазолильді және карбонитрильді орынбасушылардың донорлы-акцепторлық әсеріне негізделген. Осы әсер азуленнің электронды құрылысын қатты өзгертеді, яғни HOMO → LUMO рұқсат етілген электрондық ауысуға мүмкіндік береді. DFT есептеулер эксперименттік натижелерді дәлелдейді, азуленнің электронды құрылысындағы өзгерістерді көрсете отырып, бұрын тыйым салынған санатқа жататын π→π* рұқсат етілген электронды ауысуға әкелгенін көрсетті. Алынған нәтижелер оптоэлектронды және фотонды құрылғыларда азулен негізінде алынған жаңа қосарланған қосылыстарды жобалаудың ұтымды тәсілін қамтамасыз етеді.