STUDY OF THE TECHNOLOGY FOR PRODUCING NATIONALBAKERY PRODUCTS WITH MELON POWDER

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/nuwb9743
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада азық-түлік өнімдерінің ассортиментін және нан өнімдерінің тағамдық құндылығын кеңейтуге бағытталған кептірілген қауын ұнтағын пайдалану перспективалары қарастырылады. Бұл мақала нан өнімдерін өндіруде кептірілген қауын ұнтағын алмастырғыш ретінде пайдаланудың негіздемесін береді. Қауын ұнтағы дәрумендерге өте бай, оның құрамында витаминдер, бета-каротин, минералдар, фруктоза, органикалық қышқылдар, пектин өте көп. Зерттеу жаңалығы нан өнімдерін дәрумендермен байыту мақсатында ұлттық нан өніміне құрғақ ұнтақталған қауынды енгізу болып табылады. Зерттеу нәтижесінде құрғақ ұнтақталған қауын қосылған ұлттық нанның физика-химиялық көрсеткіштері, органолептикалық көрсеткіштері анықталды. Қауын үнтағын ұлттық нан өніміне енгізу, өндірілетін өнімдердің ассортиментін кеңейтуді, нан өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз етеді және олардың сақтау мерзімін арттырады. Мақалада кептірілген қауын ұнтағы қосылған ұлттық нанның рецепті ұсынылған және жергілікті ұннан функционалдық қоспасы бар нан өндіру технологиясы зерттелді.