МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ РОЛІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.78.3.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Еліміздің жарқын болашағы білімді, бәсекеге қабілетті, әрі білікті маман иесінен құрылады. Сол себепті, жастарымыздың кәсіби қалыптасуы Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауы сапалы жүзеге асыру мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі туындап отыр. Кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаты оқушы жастардың жеке басын кәсіби түрде анықтау үшін қажетті дұрыс таңдау жасауға көмектесумен анықталады. Оқушылардың кәсіби бағдары мамандықтар әлемін түсіну жүйесін қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар жоғары сынып оқушыларының өз қабілеттеріне, маңызды қызметте алға қойылған мақсаттарға жетудің құралдары мен жолдарын таңдауға, өз қызметін нақты өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерін қалыптастыруға жол ашады. Осыған орай, біз мақалада кәсіби бағдар жұмыстарының тиімділігін ЖООны мен жалпы білім беретін мектеп арасындағы қарым-қатынас құру арқылы зерттедік. Зерттеу барысында мектептермен байланысқа түсіп, кәсіби бағдар беру жоспарын бірге құрып, осы жоспрар егізінде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы No600 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларыныңғ іске асыртын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы ереже, Қазақстанның жаңа кәсіптер атласы негізге алынды. Сонымен қатар, мектептермен бірігіп оқушылар, ата-аналар арасында кәсіби бағдардлау жұмыстарын құрылған жоспар бойынша жүзеге асырдық. Оқушылардың сапалы кәсіби бағдарлануы мақсатында жалпы білім беру мектептерімен ЖОО-дар арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру мәні зор.