ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.78.3.027
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі цифрландыру үдерісінде түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Технологиялық прогресс педагогикалық тәсілдердің трансформациясын талап етеді, атап айтқанда физика сияқты күрделі пәндерді оқыту әдістемесін жаңартуды қажет етеді. Зерттеудің негізгі мақсаты физиканы оқыту процесінде цифрлық білім беру ресурстарын, атап айтқанда PhET Interactive Simulations платформасын қолданудың тиімділігін анықтау болып табылады. Зерттеудің басты бағыттары: цифрлық технологиялардың оқу процесіне ықпалын зерделеу, электр және магнетизм бөлімін оқытуда интерактивті симуляциялардың рөлін анықтау, виртуалды зертханалық жұмыстардың студенттердің білім деңгейіне әсерін бағалау. Ғылыми және практикалық маңыздылық физика оқытуында цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану стратегияларын ұсынуда жатыр. Зерттеу интерактивті технологиялардың студенттердің танымдық қабілеттерін дамытудағы зор потенциалын көрсетеді. Зерттеу әдіснамалық тұрғыдан сауалнама әдісін қолдануға бағытталған. Зерттеу студенттер арасында жүргізілді.Зерттеу нәтижелері PhET Interactive Simulations платформасын қолдану арқылы теориялық түсініктердің айтарлықтай жақсаруын, студенттердің көпшілігінің платформаны жиі қолдануын, виртуалды зертханалық жұмыстарды орындаудың нақты зертханалық жұмыстарға дайындық деңгейінің едәуір артуын көрсетті. Зерттеудің түпкі қорытындысы: цифрлық білім беру ресурстары оқу процесін неғұрлым интерактивті, көрнекі және тиімді етеді. Платформа студенттерге физикалық процестерді терең түсінуге, виртуалды эксперименттер жүргізуге және алынған білімді практикада қолдануға мүмкіндік береді. Практикалық маңыздылық: ұсынылған тәсілдер мен нәтижелер физика мұғалімдеріне цифрлық технологияларды оқу процесіне тиімді интеграциялауға мүмкіндік береді, бұл білім сапасын арттыруға ықпал етеді.