ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІН ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2025.78.3.015
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада «Тұрақты Даму Мақсаттарын» химиялық технологияны оқыту үдерісіне кіріктіру мәселелері жан-жақты қарастырылады. ТДМ-нің химиялық технологиямен тығыз байланысты мақсаттары талданып, оларды білім беру саласында тиімді жүзеге асыру жолдары ұсынылады. Атап айтқанда, жасыл химияның негізгі принциптері, тұрақты өндірісті дамытуға арналған инновациялық әдістер мен оларды оқу процесінде қолдану ерекшеліктері кеңінен талқыланады. Сонымен қатар, химиялық технологияны оқыту барысында студенттердің оқу және танымдық дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларға ерекше назар аударылады. Зерттеуде химиялық технология курсын оқытуда ТДМ негізінде қолданылатын әдістердің студенттердің экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға, олардың елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуына және жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге деген ынтасын арттыруға ықпал ететіні қарастырылады. Сонымен қатар, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда тұрақты даму қағидаларына негізделген оқыту әдістерінің тиімділігіне талдау жасалады. Мақалада ТДМ бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелері ұсынылып, «Химиялық технология» пәні аясында бірнеше тақырыптар бойынша әзірленген дәріс және семинар сабақтарының жоспарлары келтірілген. Бұл сабақтар зерттеу барысында қолданылып, олардың тиімділігі студенттердің оқу үлгерімі мен экологиялық көзқарастарындағы өзгерістер арқылы бағаланды. Сауалнама нәтижелері студенттердің зерттеудің басындағы және ТДМ-ын кіріктіре оқытудан кейінгі білім деңгейін салыстыруға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері ТДМ оқу процесіне интеграциялау химиялық технология бойынша білім алушылардың пәндік және экологиялық құзыреттіліктерін арттыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл тәсіл студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіріп, олардың тұрақты даму қағидаларын тәжірибеде қолдана білуіне ықпал етеді.