Аңдатпа
Кіріспе. Созылмалы инфекциялық емес аурулар (СИЕА) әлемдік сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің негізгі себебі болып қалып отыр, ал отбасылық анамнез тәуелсіз қауіп факторы ретінде танылған, ол генетикалық та, сондай-ақ қоршаған орта ықпалдарын да бейнелейді. Алайда профилактикалық медицинада бұл фактор жиі ескерусіз қалады, оның қарапайымдылығы мен төмен құнына қарамастан, қауіп-қатерді бағалау құралы ретінде маңызы зор. Мақсаты. Қазақстан ересек халқы арасында ұлттық репрезентативті зерттеу негізінде бірқатар СИЕА бойынша отбасылық анамнездің таралуын бағалау және оның демографиялық детерминанттарын талдау. Материалдар мен әдістер. 2025 жылдың сәуір–шілде айларында ұлттық репрезентативті көлденең зерттеу жүргізілді. Таңдамаға жынысы мен жасына қарай стратификацияланған көпсатылы кластерлік әдіспен таңдалған 18–69 жас аралығындағы 6720 ересек енгізілді. Деректер WHO STEPS әдістемесімен жиналды және демографиялық сипаттамаларды, мінез-құлық факторларын, сондай-ақ СИЕА бойынша отбасылық анамнез туралы өзіндік есепті қамтыды. Статистикалық талдау SPSS бағдарламасында жүргізілді, логистикалық регрессия қолданылды. Нәтижелер.Отбасылық анамнез көбіне жүрек-қантамыр ауруларына қатысты тіркелді: гипертония (43,8%) және миокард инфаркті (14,2%). Қатерлі және психикалық аурулар бойынша көрсеткіштер төмен болғанымен, эпидемиология үшін маңызды: әйелдердің 8%-ында сүт безі обыры бойынша отбасылық анамнез анықталды, сауалнамаға қатысқандардың 7,4%-ында – туберкулез, 2,4%-ында – шизофрения. Жас маңызды детерминант болып шықты: гипертония және инфаркт бойынша отбасылық анамнездің таралуы егде жас топтарында артты. Білім деңгейі мен шылым шегу отбасылық анамнезбен әлсіз байланыста болды, ал жас, жыныс және өңірлік ерекшеліктер анағұрлым маңыздырақ болды. Мәселен, оңтүстік өңірлерде туберкулез жиі тіркелсе, ал мегаполистерде және елдің шығысында жүрек-қантамыр аурулары жиі тіркелді. Қорытынды. СИЕА бойынша отбасылық анамнез Қазақстанның ересек халқы арасында кең таралған және айқын демографиялық ерекшеліктерге ие. Алынған нәтижелер бұл факторды профилактикалық және скринингтік бағдарламаларда жүйелі түрде ескерудің қажеттілігін көрсетеді. Жеке және отбасылық сырқаттанушылық туралы ақпаратты эпидемиологиялық зерттеулерде біріктіру қауіп-қатерді дәлірек бағалауға мүмкіндік береді, әсіресе жүрек-қантамыр және метаболикалық аурулар бойынша. Болашақта туыстық дәрежелерін нақтылау және отбасылық анамнез деректерін генетикалық және орта факторларымен біріктіру тәуекелді болжау дәлдігін арттыру үшін қажет. Введение. Хронические неинфекционные заболевания (ХНИЗ) остаются ведущей причиной заболеваемости и смертности во всем мире, а семейная отягощённость признана независимым фактором риска, отражающим как генетические, так и средовые влияния. Однако в профилактической медицине этот фактор часто недооценивается, несмотря на его простоту и низкую стоимость как инструмента оценки риска. Цель. Оценить распространённость семейной отягощённости рядом ХНИЗ и проанализировать её демографические детерминанты в национально репрезентативной выборке взрослого населения Казахстана. Материалы и методы. В апреле–июле 2025 года было проведено национальное репрезентативное поперечное исследование. В выборку вошли 6720 взрослых в возрасте 18–69 лет, отобранных методом многоступенчатой кластерной выборки с стратификацией по полу и возрасту. Сбор данных осуществлялся по методологии WHO STEPS и включал демографические характеристики, поведенческие факторы и самоотчёт о семейной отягощённости хроническими заболеваниями. Статистический анализ проводился в SPSS с использованием логистической регрессии. Результаты. Семейная отягощённость чаще всего регистрировалась в отношении сердечно-сосудистых заболеваний: гипертонии (43,8%) и инфаркта миокарда (14,2%). Для злокачественных и психических заболеваний показатели были ниже, но значимы: семейный анамнез рака молочной железы отмечали 8% женщин, туберкулёза – 7,4% опрошенных, шизофрении – 2,4%. Возраст оказался значимым детерминантом: распространённость отягощённости гипертонией и инфарктом увеличивалась в старших возрастных группах. Образование и курение оказались слабее связаны с семейной отягощённостью, чем возраст, пол и регион проживания. Так, в южных областях чаще сообщали о туберкулёзе, тогда как в мегаполисах и на востоке страны – о сердечно-сосудистых болезнях. Заключение. Семейная отягощённость ХНИЗ широко распространена среди взрослого населения Казахстана и имеет чёткие демографические особенности. Полученные результаты подчёркивают необходимость систематического учёта этого фактора в профилактических и скрининговых программах. Совмещение информации о личной и семейной заболеваемости в эпидемиологических исследованиях позволяет точнее оценивать риск, особенно в отношении сердечно-сосудистых и метаболических заболеваний. В дальнейшем требуется дифференциация степеней родства и интеграция данных семейного анамнеза с генетическими и средовыми маркерами для повышения точности прогнозирования риска. Introduction. Chronic non-communicable diseases (NCDs) remain the leading cause of morbidity and mortality worldwide. Family history is an independent risk factor reflecting both genetic and environmental influences. However, in preventive medicine it is often underestimated despite its simplicity and low cost as a risk assessment tool. Aim.To assess the prevalence of family history of selected NCDs and analyze its demographic determinants in a nationally representative sample of adults in Kazakhstan. Materials and Methods. A nationally representative cross-sectional study was conducted between April and July 2025. The sample included 6,720 adults aged 18–69 years, selected by multistage cluster sampling stratified by sex and age. Data were collected using the WHO STEPS methodology and included demographic characteristics, behavioral factors, and self-reported family history of NCDs. Statistical analysis was performed in SPSS, applying logistic regression models. Results.Family history was most common for cardiovascular diseases: hypertension (43.8%) and myocardial infarction (14.2%). For malignant and mental disorders, prevalence was lower but epidemiologically important: breast cancer in 8% of women, tuberculosis in 7.4% of respondents, and schizophrenia in 2.4%. Age was the main determinant, with higher prevalence of hypertension and infarction in older groups. Education and smoking showed weak associations, while sex and region were more significant. Tuberculosis was more frequent in southern regions, whereas cardiovascular diseases predominated in metropolitan areas and in the east. Conclusion. Family history of NCDs is widespread among adults in Kazakhstan and shows clear demographic variation. These findings emphasize the need to systematically include this factor in preventive and screening programs. Combining personal and family morbidity data in epidemiological studies can improve risk assessment, particularly for cardiovascular and metabolic diseases. Future studies should specify degrees of kinship and integrate family history with genetic and environmental markers to strengthen risk prediction.