МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.3.78.021
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Дәстүрлі лингвистикада тіл түрлі деңгейлерден тұратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылады. Тіл білімінің морфология морфема және олардың түрлерін, жасалу жолдарын, грамматикалық мағынасын зерттейді. Фонемалардың мағынаға ие дербес тілдік бірліктерге бірігуі морфемаларды түзеді, ал сөз түрлендіру морфология саласында қарастырылады. Алайда мида тілдің ішкі ұйымдасуының өзі тілді тиімді қарым-қатынас құралы ретінде зерттеу жеткіліксіз екенін көрсетеді. Соңғы жылдарда ғалымдар жүргізген жасырын праймерге қатысты зерттеу (мінез-құлық және нейробейнелеу) деректері мидағы сөздерді визуалды тану жүйесі кез келген сөзді негізге және оны құрайтын морфемаларға автоматты түрде бөлшектейтінін анықтады. Алайда морфологияның басқа оқу, сөйлеу үдерістері мен тілдік қабаттарға тәуелділігі және олармен байланыстылығы (мысалы, емле және семантика), сондай-ақ оның негізінде жатқан нейрондық механизмдер әлі де толық зерттелген жоқ. Зерттеудің өзектілігі морфология сынды тілдегі сөздердің ішкі құрылымын мидың құрылымы мен қызметімен байланыстыра отырып, нейролингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігімен байланысты. Жұмыстың жаңалығы – мидағы морфологиялық құбылыстардың қалыптасуы мен тілдік бірлікке айналу процесінің психолингвистикалық, нейролингвистикалық ерекшеліктерін айқындауға арналған. Mақаланың мақсаты морфологиялық құрылымдардың мида түзілу үдерісін, мида жүзеге асатын мыңдаған тілдік комбинациялардың нейрологиялық ерекшеліктерін зерттеп-зерделеуге бағытталған. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы морфологиялық бірліктердің нейролингвистикалық ерекшеліктерін, тілдің функционалдық икемділігі және оның ақпаратты қабылдаушы, өңдеуші және тасымалдаушы қызметтерін зерттеу тілді игерту, тілдік ақауларды түзету барысында теориялық та, практикалық та сұранысқа ие екендігінен көрінеді. Зерттеу барысында сипаттау, салыстыру, ассоциативтік әдіс, модельдеу әдістері қолданылды, алынған қорытындылар мен тұжырымдар шетелдік ғалымдар жүргізген магниттік-энцефалографиялық тәжірибе әдістері арқылы дәйектелді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – зерттеу тұжырымдары мен қорытындыларын нейролингвистика, психолингвистика және тіл теориясы салалары бойынша дәрістер оқуда, магистранттар мен докторанттарға теориялық материал ретінде қолдануға болатындығында.