ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СИНЕРГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.3.78.024
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі кезде синергетика термині қоғамның әртүрлі саласында, түрлі сипаттағы күрделі жүйелі процестерді зерттеу, құрылымын анықтау әдістемесі ретінде белсенді қолданылып келеді. Түрлі әлеуметтік процестерге, мәдениетке, ғылымға, өнерге, экономикаға және білімге де синергия, синергетикалық тәсіл деп аталатын ұғым қарқынды түрде еніп, зерттеу жұмыстарының өзегіне айналды. Зерттеу жұмысының мақсаты - үнемі дамып, өзгеріп, жаңарып отыратын тіл жүйесі құбылысын жаңа синергия деп аталатын ілім тұрғысынан, яғни өздігінен реттелетін құбылыс ретінде қарастыру.Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы - синергия құбылысын тіл білімінде қолдану тілдік жүйеде орын алатын өзгерістерді түсінуге көмектессе, ал практикалық маңызы кейбір сөздер мен сөз тікестерінің жойылу алдындағы бұзылу процестерін, олардың пайда болуының бастапқы кезеңінде анықтауға көмектеседі. Зерттеу жұмысында синергетика ілімінің диссипация, генерация, трансформация, бифуркация, хаос сияқты негізгі құбылыстарына талдау жасалады. Аталған құбылыстар әсерінен тіл жүйесі өзгеріске ұшырайды, нәтижесінде сөз мағынасы өзгереді, тарылады, көмескіленеді, жаңарады, кеңейеді, тілде жаңа лексика пайда болады. Мақалада талданған құбылыстарға көркем туындылар мен қолданыстағы тілдік бірліктер арқылы нақты мысалдар келтіріледі.Мақалада аталған тақырып бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен тіл біліміне қатысты зерттеу материалдардын сараптай отырып, талдау жасалды, қазақ тіліндегі мәтіндер мен көркем шығармалардан мысалдар алынды, салыстыру, сипаттау, талдау әдістері қолданылды.Синергия ілімін тіл білімінде қолданудың құндылығы – табиғаттағы күрделі жүйелер мен адам қызметінің антропоцентризмі арасындағы байланыстың өмірлік-практикалық қажеттілігі, қоғамдық дүниетанымда адам мен табиғат коэволюциясы идеясын бекіту, табиғи құбылыстардың өзіндік құндылығын мойындау. Зерттеу нәтижесінде тіл жүйесіндегі синергиялық құбылыс тілдің іштей дамуының өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі реттеушілік тетігін зерттеуге арналған ілім ретінде басымдыққа ие деген тұжырым жасаймыз.