ТІЛ МАМАНДАРЫНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІСІН ДАМЫТУ (ҚАЗАҚ ТІЛІ ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.3.78.038
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жаһандану және полимәдени білім беру кеңістігі жағдайында қазақ тілін шетелдік ретінде оқытатын оқытушылардың эмоционалдық интеллектісін (ЭИ) қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Мұғалімнің көптілді аудиториямен жұмыс істеуде мәдениетаралық коммуникацияның делдалы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылған.Зерттеудің мақсаты – мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі эмоционалдық интеллектінің маңыздылығын анықтау және оны қалыптастырудың ұйымдастырушылық моделін ұсыну. Негізгі назар ЭИ компоненттерінің (эмпатия, өзін-өзі реттеу, қатынастарды басқару) қазақ тілін шетелдік ретінде оқыту тиімділігіне және білім алушылардың бейімделуіне әсерін зерттеуге бағытталған.Жұмыс мәдениетаралық контексте жұмыс істейтін педагогтарды эмоционалдық тұрғыдан даярлау қажеттілігін өзектендіреді. Ғылыми маңыздылығы – полилингвалды өзара әрекеттестік жағдайында ЭИ-дің оқыту тиімділігінің факторы ретінде теориялық негізделуінде. Практикалық маңыздылығы – ұсынылған модельді мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінде қолдану мүмкіндігінде.Әдістеме сапалық және сандық тәсілдерді қамтиды: EQ-i сауалнамасы арқылы ЭИ деңгейін диагностикалау, когнитивті-мінез-құлық тәсіл элементтері бар тренинг өткізу және нәтижелердің динамикасын статистикалық өңдеу әдістері арқылы талдау. Зерттеуге 30 мұғалім және 215 студент қатысты.Алынған деректер оқытушының жоғары ЭИ деңгейі студенттердің оқу мотивациясы мен үлгеріміне оң әсер ететінін растады. Эксперимент эмоционалдық құзыреттілігі жоғары мұғалімнің білім беру ортасын жақсартуға, студенттердің алаңдаушылық деңгейін төмендетуге және өзара әрекет сапасын арттыруға ықпал ететінін көрсетті.Зерттеу қолданбалы педагогика, тілдік дидактика және білім беру психологиясы салаларына үлес қосады, көптілді оқытудағы эмоционалдық ықпал ету механизмдерін түсінуді кеңейтеді. Ұсынылған модель педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін кешенді түрде жаңғыртуға негіз бола алады. Нәтижелер көптілді мектептер мен жоғары оқу орындары үшін мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларына енгізілуі мүмкін. Жұмыс қазақ тілінің полимәдени ортадағы орнын нығайтуға және Қазақстан Республикасының білім беру саясатының стратегиялық бағыттарына сәйкес келеді.