Қ. БЕГМАНОВ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ЖИДЕЛІБАЙСЫН ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ШОҒЫРЛЫ ЖЫРЛАР ЕРЕКШЕЛІГІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.3.78.040
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ақын Қ. Бегманов поэзиясындағы шоғырлы жырлар назарға алынды. Қ. Бегманов – қазіргі қазақ ақыны, оның алғашқы жыр жинағы 1980 жылдардың ортасынан бастап жарық көре бастаған. Ақын Қ. Бегманов шығармашылығы туралы зерттеу мақалаларының аздығы мақаланың өзектілігін көрсетеді десек болады. Бұл мақаланың ғылыми жаңалығы Қ. Бегманов шығармашылығына жан-жақты талдау жасауымен және оның лирикасындағы циклдену үрдісінің, шоғырлы жырлар ерекшеліктерін қарастырылуына. Бұл жұмыстағы негізгі мақсатымыз – ақын Қ. Бегманов лирикасындағы Жиделібайсын тақырыбы аясында шоғырлы жырлардың ерекшелігін айқындау. Жұмыстағы зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетін оқытуға арналған оқу құралдары мен оқулықтарды жазу барысында пайдалануға болатындығы мақаланың практикалық маңыздылығын көрсетеді. Мақаланы жазу барысында тарихи-әдеби, салыстырмалы әдістер, сонымен қатар мәтінді стильдік және мотивтік талдау әдістері қолданылады. Бұл еңбекте қазіргі әдебиетіміздегі туған жер тақырыбын жырлауда ақын Қ. Бегманов жырларының маңызы туралы айтылады. Ақын Қ. Бегмановтың шығармашылығында Жиделібайсын тақырыбын өзгеше салмақты салаға айналған деуге болады. Жиделібайсын – қазақтың ұлттық танымында, түсінігінде эпостық, батырлық жырларында, Асан қайғы жайлы аңыздарда, Бұхар жырау толғауларында жиі кездесетін берекелі, ырысты, қасиетті, қастерлі, құтты, киелі мекен. Атауының өзінде рух бар, ұлттың ой-арманы жасырынған. Қазақ үшін құтты қоныс – өмір, бар болу. Жиделібайсын – ұрпақты аман сақтаудың, елдікті сақтаудың, бақытқа жетудің нышаны, символы. Ақын Жиделібайсын арқылы ұлт тағдырын айтады. Ақын Қ. Бегманов поэзиясындағы Жиделібайсын жайындағы өлеңдерін талдау арқылы ұлтқа тән әр қилы бояулар, ақ пен қара, ел болу мен болмау, бір уыс топырақ болсын қастерлеу тәрізді ұлттық таным сипаттары талданды.