Жазбаша тілді түсінуді дамыту үшін веб-блогтарды қолдануға деген көзқарасты зерттеу

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.46299/j.isjel.20250405.04
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жазу - шет тілін оқытудағы бірегей процесс. Зерттеу жұмысы жазбаша тілді түсінуді дамыту үдерісінде веб-блогтарды қолдану мүмкіндіктерін талдауға арналған. Қазіргі білім беру кеңістігінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану оқу үдерісінің сапасын арттырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, веб-блогтар студенттердің жазбаша мәтінді түсіну дағдыларын жетілдіруде, ақпаратты сараптап, жүйелі талдауда және рефлексия жасау қабілеттерін дамытуда маңызды құрал ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, блог жүргізу студенттердің тілдік құзыреттілігін кеңейтуге, өз ойларын ғылыми және шығармашылық тұрғыда жеткізуіне, сонымен бірге дербес және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруына ықпал етеді. Зерттеу барысында веб-блогтарды қолданудың педагогикалық әлеуеті, артықшылықтары мен шектеулері айқындалып, оларды оқу тәжірибесінде тиімді пайдаланудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Ағылшын тілі сабақатарында жазу дағдыларын игере отырып, оқушылар сыни және шығармащылық перспективаны дамытады, бұл оларға жаңа және басқалараға ұқсамайтын нәрселерді үйренуге көмектеседі. Ол сонымен қатар идеяларды қалыптастыруға бағытталаған. Жүргізілген зерттеудің мақсаты студенттердің жазуды дамыту үшін веб-блогтарды пайдалануға деген көзқарасты зерттеу болды. Зерттеуде И. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының, Педагогика және филология факультетінен 40 студент қатысты. Зерттеу мақсатына жету үшін зерттеудің сипаттамалық түрі қолданылды. Сауалнама 1-ші және 2ші курс студенттері арасында жүргізілді. Барлық деректерді жинағаннан кейін нәтижелерді шығару үшін Statistical Package for the Social Sciences (SPSS) 23 нұсқасы қолданылды. Нәтижелерге сәйкес сипаттамалық статистика студенттердің жазу дағдыларын дамыту үшін веб-блогтарды пайдалануға деген оң көзқарасын көрсетті. Сонфымен қатар, курстар мен жыныс арасында айтарлықтай айырмашылық болған жоқ.