КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ЕНГЕН ЖАРГОНДАР

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.54251/2522-4026.2025.3.14au
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ағылшын тіліндегі «жаргон» ұғымы және оның қазіргі заманғы компьютерлік кәсіби тілдегі қолданысы жан-жақты қарастырылады. Ең алдымен, «жаргон» ұғымының мән-мағынасына кеңінен тоқталып, оның тілдік ерекшеліктері мен құрылымы сипатталады. Сонымен қатар, мақалада жаңа жаргон сөздерінің компьютерлік салада таралуы мен олардың күнделікті ауызекі сөйлеу мәдениетіне ену үрдісі жан-жақты зерттеледі. Компьютерлік жаргонда жаңа сөздердің тез пайда болуының негізгі себептерінің бірі — әлем бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, микропроцессорлық техника мен есептеуіш құрылғылардың қарқынды дамуы болып табылады. Қазіргі таңда компьютерлік технологиялардың барлық салада қолданылуына байланысты бұл салада жаңа ұғымдар мен терминдер жиі туындап, олар кәсіби лексиконнан күнделікті сөйлеу тіліне еркін еніп жатыр. Компьютерлік терминдердің көбеюі мен олардың қолдану аясының кеңеюі — ақпараттық қоғамның дамуының бір көрінісі. Бұрын тек бағдарламашылар мен компьютер мамандарының арасында қолданылған сөздер мен тіркестер қазір қарапайым халықтың сөйлеу мәнерінде де жиі кездесетін болды. Бұл құбылыс тілдің үздіксіз дамып, өзгеріп отыратын тірі жүйе екенін көрсетеді.