ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНТРАБАНДАНЫ САРАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52425/25187252_2025_36_146
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты Қылмыстық заңның 234-бабының жаңартылған редакциясын ескере отырып, экономикалық контрабанданы саралаудың кейбір мәселелерін заңға және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес зерттеу болып табылады. Зерттеу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткiзу не Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салу немесе шектеу белгіленген тауарларды немесе өзге де заттарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізудің құқық бұзушылық құрамын дұрыс саралау болып табылады. Мақалада экономикалық контрабанданы саралаудың теориялық және тәжірибелік ерекешеліктерін, заңға жаңадан енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша кейбір мәселелер ашып көрсетілді. Экономикалық контрабанданы зерттеу кезінде, оның дұрыс саралануын ғана емес, сондай-ақ қылмыстық құқықтық норманы дұрыс қолдану бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін талдап, экономикалық контрабанда қылмысын саралаудың кейбір мәселелері анықталды.