Аңдатпа
Бұл зерттеу халықаралық құқықты дамыту тұрғысынан Каспий өңіріндегі табиғат қорғау проблемаларына арналған. Мақала ерекше физикалық-географиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары бар, бірегей су айдыны – Каспий теңізін қорғаудың құқықтық мәселелеріне арналған. Мақалада Каспий өңірінде халықаралық және ұлттық деңгейлерде Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғау тетіктерін қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеудің қазіргі заманғы проблемаларына сипаттама беріледі. Қазіргі таңда Каспий теңізінің экожүйесін қорғау өзекті, себебі бұл су айдыны тұйық болып табылады және жоғары антропогендік жүктемені бастан кешіріп отыр. Теңіз қайраңындағы көмірсутек ресурстарын қарқынды өндіру көбінесе ауқымды ластануға әкеледі, бұл фаунаның бірегей түрлеріне, соның ішінде маңызды коммерциялық маңызы бар бекіре тұқымдас балықтарға айтарлықтай зиян келтіреді. Ластанумен күресу шараларының тиімділігі Каспий маңы мемлекеттерінің іс әрекеттерін үйлестіру үшін халықаралық құқықтық базаның жеткіліксіздігінен қиындап отыр. Авторлар мақалада Каспий теңізінің құқықтық реттелуін белгілейтін бір қатар құқықтық актілер мен конвенцияларды зерттеп, өз ұсыныстарын береді. Сонымен бірге, «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы» Конвенцияға тоқталып, басқа да халықаралық құжаттармен салыстырма жасады.