ӘРТҮРЛІ СЕБУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН СЕБУ МӨЛШЕРІ КЕЗІНДЕ ЖАСЫМЫҚ ДАҚЫЛЫ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2025/32
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жасымық дақылына қысқаша сипаттама беретін болсақ, жасымық құнды жоғары белокты азық-түлік дақылдарының қатарына жатады. Тамақ өнеркәсібінде, өнімі нан пісіруге және аспаздыққа, медицинада, бояғыштар дайындауда кеңінен қолданылады. Мал азық ретінде, жасыл массасы мен сабаны, жоғары тұтынушылық құндылығын білдіреді. Жасымық дақылының тұқымы екі түрге бөлінеді: ірі тұқымды және ұсақ тұқымды болып. Биіктігі 30-75 см болатын біржылдық өсімдіктер. Сабағы тік, жұқа, қырлы. Мақалада жасымық өнiмiнiң құрылымына себу тәсiлдерi мен мөлшерлерінің әсерiн зерттеу жөнiндегi ақпарат қамтылған. Қазіргі уақытта ғылымның алдына да, шаруашылықта да жасымықты жандандыру міндеті қойылған. Біздердің ғылыми зерттеулерімізде, жаңадан шығарылған, ірі тұқымды Шырайлы сортымен, ұсақ тұқымды Крапинка сорты зерттелді. Зерттеулер нәтижесiнде жасымық дақылының Шырайлы сортының қатараралығын 30 см, себу мөлшерін гектарына 1500 дана еккен кезде, өнiмдiлiгi 21,2 ц/га болды. Ал себу мөлшері гектарына 1200 дана және гектарына 1800 дана еккенде өнімділік гектарына 1,9-2,5 центнерге дейін төмендеді. Шырайлы сортының қатараралығын 15 см, себу мөлшері гектарына 1800 дана және гектарына 1200 дана болған кезде өнімділік 1,2-2,1 ц/га төмендеді. Жасымық дақылының, ұсақ тұқымды Крапинка сорты бойынша қатараралық 15 см, себу мөлшері гектарына 2000 дана еккен кезде 15,9 ц/га болды. Себу мөлшері гектарына 1500 дана және гектарына 2500 дана егілгенде. өнімділік гектарына 2,1-4,0 центнерге дейін төмендеді. Қатараралық 30 см, себу мөлшері гектарына 1500 және 2500 дана егілген кезде Крапинка сортының өнімділігі 1,3-3,8 центенерге дейін төмендеді.