«ФАБРИЧНЫЙ» БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯСЫНДА ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНАН КЕЛЕТІН СИГНАЛДАРДЫ ӨҢДЕУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2025/20
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми мақаланың мақсаты «Фабричный» базалық станциясында статика әдісімен орындалған геодезиялық өлшемдерді өңдеуді жетілдіру болып табылады. Бақылау және мониторинг құрылғыларынан келетін сигналдарды өңдеудің әртүрлі тәсілдері қарастырылады, сондай-ақ алынған деректердің тұрақтылығы мен сапасын арттыру әдістері бағаланады. Нәтижесінде статикалық өлшеу жағдайында базалық станциялардан сигналдар мен деректерді талдаумен айналысатын мониторинг жүйесін жасаушылар мен инженерлер үшін пайдалы деректер алынғаны жазылған. Мақаланың ғылыми жаңалығына келсек, өлшеулер жүргізу кезінде аталмыш әдіс, нүктелердің координаталарын жоғары дәлдікпен анықтайды, артық өлшеулердің үлкен саны анықтаулардағы қалдық қателерді жеткілікті дәлдікпен есептеуге, бастапқы нүктелердің сапасын бағалауға және өлшеудің өрескел қателерін жоюға мүмкіндік береді. Ғылыми еңбекте салыстырмалы түрде дәлдіктері келтірілген. Фабричный базалық станциясында GNSS өлшемдерін өңдеу нәтижесін қорыта келгенде оның координаттары мен кеңістіктегі орны жоғары дәлдікпен анықталады. Бұл мәліметтер станцияның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге және телекоммуникациялық желіні одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Деректерді өңдеу барысында бастапқы деректер статикалық жағдайда жинақталып, кейіннен BERNESE немесе SGO бағдарламалары арқылы өңделеді. Бұл өңдеу кезеңінде спутник сағаттарының қателіктері, атмосфералық әсерлер және спутниктердің орбиталық ауытқулары ескеріледі. Практикалық маңыздылығы GNSS технологиясын статикалық өлшемдерді өңдеуде қолдану базалық станциялардың жұмыс тиімділігін арттыруға және желілік инфрақұрылымның дамуын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Дәл және уақтылы өлшеу жабдықтың ықтимал ақауларының алдын алуға, байланыс сапасының жоғары деңгейін сақтауға және пайдаланушыларға тұрақты қосылымды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Белгіленген анықтамалық станция өлшемдердің орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ белгілі бір объектінің кеңістіктік орнын анықтауға арналған. Мәліметтерді спутниктік (ГНСС) геодезиялық және навигациялық қабылдағыштардың, арнайы БҚ, компьютерлік және өзге де жабдықтардың көмегімен алуға және BERNESE 5.2 жәнк South Geomatics Office бағдарламалық құралы арқылы жүзеге асырылу нәтижесінде өңдеуге болды. Ғылыми мақаланың мақсаты «Фабричный» базалық станциясында геодезиялық бақылау және мониторинг құрылғыларынан келетін сигналдарды өңдеу болып табылады және «Фабричный» базалық станциясында статика әдісімен орындалған геодезиялық өлшемдерді өңдеуді жетілдіру жұмыс барысында жасалынған, бірақ-та оның нақты өлшемдері мен жұмыс процессінің қалай жетілдірілгені жайлы ғылыми патент жасалынып жатқандықтан, көп ғылыми жаңалықтар құпия сақталынып отыр.