Аңдатпа
Мақалада Қызылорда облысы Қазақстанның суармалы егіншілік саласының суды көп тұтынатын саласы туралы қарастырылады. Экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар тұрғысынан негiзгi мiндеттердiң бiрi, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға қажетті суармалы судың әрбiр текше метрiн (м3) неғұрлым тиiмдi пайдалану болып табылады. Көптеген ғалымдардың тәжірибесі көрсеткендей, соңғы онжылдықта көптеген мелиорацияланатын жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі қажетті деңгейге көтерілмей жүр. Суармалы жерлерде жер асты сулары деңгейінің көтерілуі нәтижесінде экологиялық жағдайдың нашарлауы, қайталама тұздану, топырақтың тұздануы және су эрозиясы процестерінің дамуы байқалып жүр. Мұның бәрi тиiмсiз суару тәсiлдерiн пайдаланудан, суару суының жоғары ысыраптылығынан, сондай-ақ суару жүйесiнiң нашар техникалық жай-күйiнен туындап отыр. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру кезiнде нарықтық қатынастарда экологиялық жағдаймен қатар үнемдiлiк пен рентабельдiлiкке де көңіл бөлiнедi. Жем-шөп өндірісін ұлғайту және мал шаруашылығының жем-шөп базасын нығайту үшін, біздің табиғи-экономикалық өңірімізде осы жағдайларды қамтамасыз ететін дақыл - бұл қант құмайы жем-шөп дақылы болып табылады. Қант құмайы дақылы мал шаруашылығын сапалы азықпен қамтамасыз ету мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.