Аңдатпа
Мақалада экологияландырылған физика курсын оқытуда танымдық мүддені дамыту жолдары қарастырылды. Экология мен физиканың арасындағы байланыс қазіргі таңда ғылыми тұрғыда өзекті болып отыр. Физикалық және экологиялық білімнің мазмұнының өзара байланысының керектігін түсіндіру, оны студенттердің танымдық мүддесін дамыту мақсатында білімнің біртұтас білімдік аумағына ендіру міндеттердің бірі. Әсіресе, жоғарғы оқу орны студенттерінің ғылыми жобаларды әзірлегенде физика мен экологияның арасындағы байланысты көресете алуына жол ашады. Экологияландырылған физика курсын оқыту үдерісінде студенттердің танымдық мүддесін дамыту әдістемесін құрастыру және негіздеуге ықпал етеді. Экологияландырылған физика курсын оқыту шарты бойынша студенттердің танымдық мүддесін дамыту моделі әзірленіп, оны оқыту процесінде қолдану өте тиімді. Сол себепті экология мен физиканың арасындағы байланысты қарастыу,оқу процесінде қолданудың маңызы зор.