ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ИСЛАМ КЕЛБЕТІ (Нархоз университеті студенттерінің мысалында)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i2.587
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жастар – мемлекеттің кепілі, жас ерекшелігіне ие үлкен топ, бүкіл қоғaмның экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, сaяси, мәдени, рухaни дaмуының әрі объектісі, әрі субъектісі. Бұл бiр жaғынан, олардың сaн жағынан хaлықтың бaсым көпшілiгін құрaйтындығымен, екіншідeн, жастaрдың өршілдік, шығармaшыл, икемділік, мобильділік, креативті, жаңашыл болу қасиеттерімен байланысты. Қазіргі таңда қоғамдағы діни құндылықтар мен сенімдер қазақ жастардың рухани дамуына маңызды әсер етіп отыр. Қоғамда дінге бет бұрушы жастар саны артқан сайын дін мәселесі, оның ішінде діни сауаттылық мәселесі өзекті тақырыптардың біріне айналды. Себебі діни сауаттылық дегеніміз ұлттық қауіпсіздік мәселесімен тікелей байланысты. Елдің болашағы мен бүгіні жастардың қолында десек, жастар мәселесі бүкіл қоғамның мәселесі. Бұл ғылыми мақала қазіргі қазақ жастары арасындағы ислам дінінің келбетін, әсіресе Нархоз университеті студенттерінің мысалында зерттеу мақсатында жазылған. Жұмыстың негізгі міндеті – жастардың діни сауаттылық деңгейін анықтап, өмірлік ұстанымдары мен исламға деген көзқарастарын талдап, оның қазіргі қоғамдағы орнын айшықтау. Зерттеу барысында студенттердің исламға қатысты білім деңгейі, діни тәжірибелері, құлшылыққа деген қатынастары мен діннің өмірлеріне ықпалы қарастырылады. Зерттеу әдістері ретінде сауалнама, сипаттамалық талдау, мазмұндық талдау, салыстырмалы талдау әдістері мен эмпирикалық және құрылымдық-функционалдық талдау әдістері қолданылды. Нархоз университетінің студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері жастардың ислам дінін қалай түсінетіні мен оның өмірде қандай рөл атқаратыны жөнінде ақпарат береді. Зерттеу барысында студенттердің көпшілігі исламның негіздері мен парыздарын біледі, бірақ олардың діни тәжірибесі әртүрлі деңгейде екенін көрсетті. Осыған орай, діни білімді арттыру мен исламның рухани аспектілерін терең түсіну қажет екендігі анықталды. Мақалада сондай-ақ діни сауаттылықтың жастар арасында өсіп келе жатқанын және мұның қоғамдағы толеранттылық пен бірлікті нығайтуға ықпалы бар екендігі талқыланады. Қорытындыда ислам дінінің қазіргі қазақ қоғамындағы мәдени және әлеуметтік ықпалының маңызды екендігі атап өтілді.